Жағымды жаңалықтарБурабай ауданында экопарк ашылды

Бурабай ауданында экопарк ашылды

-

- Advertisment -spot_img

Щучинск қаласында тұрғындар мен курорттық өңір қонақтарының демалысы, спортпен шұғылдануы және отбасылық уақыт өткізуі үшін заманауи қоғамдық кеңістік – «Ұмай ана» экопаркі ашылды. Бұл нысан өңірдегі маңызды демалыс орындарының біріне айналмақ.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің туристік әлеуетін дамыту үшін заманауи әрі экологиялық бағыттағы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Экопарк Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ашылып отыр. Осындай жобаларды жүзеге асыру қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, экологиялық мәдениетті нығайтуға және тұрғындардың белсенді демалуына қосымша мүмкіндік жасауға ықпал етеді. Бұл – қалаларымызды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстың маңызды бөлігі», – деді Марат Ахметжанов.

Жаңа экопарк абаттандырылған аумақтан тұрады. Мұнда серуендеу аллеялары, демалыс аймақтары, спорт және балалар алаңдары, оның ішінде инклюзивті алаң, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандары орналастырылған. Саябақтың атауына негіз болған басты нысан – сәбиін құшағына алған ананың мүсіндік композициясы.

Қалалық жаңа кеңістікті қалыптастыру барысында табиғи ландшафты сақтау, экологиялық қауіпсіздік пен барлық жастағы келушілердің жайлылығы басты назарда болды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтелбай Бейсенов заманауи экопарктің салынуына алғысын білдіріп, «Ұмай ана» саябағы тек жастардың ғана емес, ересек тұрғындардың да сүйікті демалыс орнына айналатынын атап өтті.

Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтар санатындағы кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілттері табысталып, спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар марапатталды. Қонақтар үшін шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған