ҚоғамБақытты балалық – басты құндылық

Бақытты балалық – басты құндылық

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Достық үйі алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Тағылымды шара облыстық Аналар кеңесі мен «Qolqanat» әлеуметтік жобасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Мерекелік жиынға инклюзивті балалар мен олардың ата-аналары, волонтерлар және Аналар кеңесінің мүшелері қатысып, ортақ қуанышқа бөленді. Бүлдіршіндер аниматорлармен бірге түрлі ойындарға қатысып, би флешмобында өнер көрсетіп, шаттыққа толы көңіл күй сыйлады.

Іс-шара аясында «Әрқашан күн сөнбесін…» тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылып, балалар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін паш етті. Сонымен қатар, концерттік бағдарламада жас өнерпаздар ән шырқап, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Мереке соңында белсенділік танытқан балалар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалардың басты мақсаты – әр баланың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қоғамда мейірімділік пен достық құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Балалар – ел болашағы. Олардың жарқын күлкісі мен алаңсыз балалық шағы – қоғам дамуының басты көрсеткіші. Осы орайда барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, дендеріне саулық, өмірлеріне шаттық пен шуақ тілейміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған