ҚоғамКөкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда...

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу фактілері жиі анықталуда. Көп жағдайда құқық бұзушылар өз әрекеттерінің салдары туралы да, олардың камера бақылауына түсіп жатқанын да ескере бермейді.

Полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелеріндегі жағдайды тәулік бойы сыртқы бақылау жүйелері арқылы қадағалайды. Анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат дереу патрульдік полиция жасақтарына жолданып, тәртіп бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жыл басынан бері Көкшетауда рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастаудың 150-ден астам фактісі анықталды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін 2 мыңға жуық азамат жауапқа тартылған.

Полицейлердің айтуынша, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастау қаланың санитарлық жағдайына кері әсер етіп, аулалар, саябақтар мен көшелердің көркін бұзады. Бұл тұрғындардың орынды наразылығын туындатады. Ал қоғамдық орындарда алкоголь ішу деректері жанжалдарға, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, төбелес пен өзге де құқық бұзушылықтарға себеп болып жатады.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды тазалық сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және бейнебақылау камераларының тәулік бойы жұмыс істейтінін естен шығармауға шақырады. Кез келген құқық бұзушылық әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған