ЭкономикаАқмола облысының әкімдігі мен Қазақстан Халық Банкі бизнеске қолдау...

Ақмола облысының әкімдігі мен Қазақстан Халық Банкі бизнеске қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат бірнеше бағыт бойынша серіктестікті дамытуға бағытталған. Олардың қатарында – әлеуметтік маңызы бар және креативті жобаларды қолдау, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, цифрлық және серіктестік бастамаларға қатысу бар.

Шағын және орта бизнесті қолдау өңір үшін негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып қала береді. Соңғы жылдары Ақмола облысында бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттерден қомақты қаражат жұмылдырылды, соның арқасында ауыл шаруашылығы, өңдеу, қызмет көрсету, сауда және экономиканың басқа да салаларында сәтті жобалар жүзеге асырылуда.

Халық банкінің қатысуымен өңірде жүздеген кәсіпкерлік бастамалар, соның ішінде шағын және орта бизнес жобалары қолдау тапты. Мысалы, көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдікпен несиелеудің «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қомақты қолдауға ие болды, бұл ретте қаржыландырудың негізгі көлемі Халық банкі арқылы іске асты.

«Банк мемлекеттік саясаттың сенімді серіктесіне айналғанын атап өткім келеді, алдағы уақытта да ынтымақтастық орнатып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру өңірді дамыту мен кәсіпкерлік бастамалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Банктің басқарма төрайымы бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға және экономиканы дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды қолдауға ынталы екенін алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы!

Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Бүгінде...

Оқу керек

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған