СпортХалықаралық отбасы күні аясында жас отбасылар арасында эстафеталық ойындар...

Халықаралық отбасы күні аясында жас отбасылар арасында эстафеталық ойындар өткізілді

-

- Advertisment -spot_img

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні аясында, «Салауатты отбасы» атты өңірдегі жас отбасылар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.

Отбасылық эстафета – отбасы мүшелерін біріктіретін, ептілік пен шапшаңдықты дамытатын көңілді спорттық сайыс. Мұндай жарыстар отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, балаға салауатты өмір салтының маңызын көрсетеді.

Эстафета ойындарына Ақмола облысының қала және аудандарынан келген құрамында 3 адам (әкесі, анасы және баласы) 8 отбасылық командалар қатысты. Ойын 6 кезеңнен тұрып, әр кезең нәтижесі уақытпен әрі жаттығудың ережеге сай орындалуына қарай баллдық өлшеммен есептеліп, эстафета соңында қорытындыланды.

«Отбасы – мемлекетімізді құрайтын қоғамның ең маңызды бөлшегі. Сол себептен, облыстық жастар-ресурстық орталығы әрқашан Халықаралық отбасы күніне орай, жас отбасылармен түрлі форматтарда, бағыттарда шаралар өткізіп отырады. Биылғы жылы біз, осындай эстафеталық ойын өткізуді жөн көрдік. Барлық қатысушыларға әсіресе Қосшы қаласы, Шортанды, Ерейментау және Жақсы аудандандарынан арнайы келіп қатысқан қатысушыларға алғысымды білдіремін» — деп, Ақмола облысы ЖРО-ның бөлім басшысы Шыңғысхан Елеш өз сөзінде тоқталып кетті.

Ойын қорытындысы бойынша барлық отбасылар қатысқанын растайтын сертификаттарға ие болып, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жарыс нәтижесі бойынша 3 орын және «Үтік» — Көкшетау қаласы, «Novopack x Алтынтау» құрамасы, Рощиндер отбасысына бұйырса, 2 орынға және «Яндекс Алиса» — Көкшетау қаласы, «Шаңырақ» құрамасы, Бралиндер отбасысы ие болды. Ал 1 орын және «Кір жуғыш машинасы» — Қосшы қаласы, «Жігер» құрамасы, Умурбековтар отбасысы жеңімпаз атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы!

Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Бүгінде...

Оқу керек

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған