КөкшетауЗеренді ауданында Шағалалы ауылына апаратын жолды жөндеу басталды

Зеренді ауданында Шағалалы ауылына апаратын жолды жөндеу басталды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Зеренді ауданында Көкшетау – Атбасар тас жолынан Шағалалы ауылына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 3 км болатын бұл жол ауданның көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ Приречное және Павловка ауылдарымен көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

Аудандық билік өкілдерінің айтуынша, жолды жаңарту көлік қатынасының қолжетімділігін арттырып, қозғалыс қауіпсіздігін күшейтеді және жол жүру уақытын қысқартады.

«Қазіргі уақытта жол учаскелерін тегістеу, жол жиегін ағаш-бұта өсімдіктерінен тазарту, сондай-ақ жол негізін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда», – деді «РСУ-16» ЖШС учаске бастығы Данияр Садвокасов.

«Бұл жолмен күн сайын қалаға жұмысқа, ауруханаға, ауданға шаруамен қатынаймыз. Бұрын, әсіресе ауа райы қолайсыз кезде, жүру қиын болатын. Жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын көру қуантады, әрине, аяқталуын күтеміз», – деді Шағалалы ауылының тұрғыны Алмас Әбділманов.

Айта кетейік, бұл бағытта ірі инфрақұрылымдық жоба – Көкшетау қаласынан Зеренді ауылына дейінгі 47 км автомобиль жолын үш жолақты қозғалыспен қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы басталған жоба аяқталу кезеңіне жақындады.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін жолдың өткізу қабілеті артып, Зеренді ауданының туристік әлеуетін дамытуға қосымша серпін береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған