ЭкономикаҚазақстан Үкіметі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады: Ақмола облысында астықты...

Қазақстан Үкіметі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады: Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауыты салынады

-

- Advertisment -spot_img

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Азия Алтын Дән» ЖШС арасында Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауытын салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Астықты терең өңдейтін заманауи жоғары технологиялық зауыт Aqmola индустриялық аймағында 500 гектар аумақта салынып жатыр. Ол агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу секторындағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады, ал жобаның басты ерекшелігі – оның ауқымы мен астықты биотехнологиялық әрі қалдықсыз өңдеуге бағытталуы.

Жалпы инвестиция көлемі 300 млрд теңге, кәсіпорынның өндіріс қуаты жылына 6 млн тоннаға дейін жетеді.

Экономикалық әсері кешенді болады деп күтілуде. Жоба астықты толық циклмен өңдеуді және жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруды көздейді — ұн және жарма өнімдерінен бастап ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жемге дейін. Оны іске асыру экспорт құрылымын әртараптандыруға, жергілікті шикізатты пайдалану деңгейін арттыруға және елдің импортқа тәуелділігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер етеді. Кәсіпорында шамамен 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Келісім аясында инвестор білікті техникалық мамандар мен биоинженерия саласындағы кадрларды даярлау міндетін өзіне алады — жылда 40 адамға дейін. Дайындық үздіксіз білім беру жүйесін енгізу арқылы, оның ішінде шетелдік тағылымдамалар мен халықаралық алмасу бағдарламаларын қамти отырып жүзеге асырылады.

Зауыт базасында заманауи ғылыми-зерттеу және технологиялық зертхана құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар инвестор индустриялық аймақтың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаражат бөледі.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін алдағы уақытта Астана – Қарағанды автомагистралінде жолайырығы бар өткел, сондай-ақ магистральдық теміржол арқылы индустриялық аймаққа апаратын автомобиль жолын салу көзделген.

Инвестор ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға да белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Жоба толық іске қосылғаннан кейін жыл сайын білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт, жастар саясаты және денсаулық сақтау салаларындағы әлеуметтік бастамаларды қолдауға қаржы бөлінеді.

Сонымен қатар кәсіпорын іске қосылғаннан кейінгі екі жыл ішінде жүзу бассейні мен жекпе-жек залдары бар көпфункционалды спорттық-сауықтыру кешені салынады. Бұл кешен барлық тұрғындарға қолжетімді болады.

Жалпы зауыттың іске қосылуы еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздік деңгейін арттырады, экспорт құрылымындағы өңделген өнім үлесін көбейтеді және Қазақстанның шикізат емес, жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік өнім жеткізуші ретіндегі позициясын нығайтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Өңір тұрғындары мен облыс орталығының қонақтарын облыс әкімі Марат...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының директоры Сәуле Тәтемовамен кездесіп, сирек (орфандық) аурулары бар балаларды медициналық...

Зеренді ауданында Шағалалы ауылына апаратын жолды жөндеу басталды

Ақмола облысының Зеренді ауданында Көкшетау – Атбасар тас жолынан Шағалалы ауылына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы...

«Шаңырақ» креативті хабы: жеңімпаздар анықталды

Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен «Шаңырақ» креативті хабы өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар анықталды. Байқауға Instagram, TikTok және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатының техникалық іске қосылуы өтті

Ақмола облысы Зеренді ауданының өндірістік алаңында «Qazaq Kaolin» ЖШС-де жабдықтың техникалық іске қосылуы өткізілді. Тау-кен байыту комбинаты Алексеевское кен...

Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 мыңнан астам көшет отырғызылды

Сандықтау ауданында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты. «Әрбір...

Оқу керек

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған