ҚоғамАқмола өңірінде тіл мен білім тоғысқан тағылымды форум өтті

Ақмола өңірінде тіл мен білім тоғысқан тағылымды форум өтті

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен мазмұны терең, маңызы айрықша облыстық форум өтті. Бұл жиын – мемлекеттік тілдің мерейін арттыру, оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеру және білім беру үдерісін заманауи талаптармен ұштастыру жолындағы кәсіби ой-пікірлер тоғысқан тағылымды алаңға айналды.

Форумға өңірдің білікті педагогтері, ғалымдар мен сала сарапшылары қатысып, тілдік білім берудегі өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, тәжірибе алмасты. Басқосу барысында ұлттық тілдің бүгінгі жай-күйі мен болашағы, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері кеңінен сөз болды.

Жиынның ашылуында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев сөз сөйлеп, қазақ тілінің ұлт руханиятының өзегі әрі қоғамдық келісімнің тұғыры екенін атап өтті. Ол ұстаздар қауымының мемлекеттік тілді дамытудағы айрықша рөліне тоқталып, мұндай форумдардың жаңа бастамаларға жол ашатын маңызды алаң екенін жеткізді.

Ғылыми мазмұндағы баяндамалар да қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құрманбайұлы Шерубай тіл үйретудегі жүйелілік мәселесіне тоқталып, атау сөздерді оқытудағы бірізділіктің маңызын ғылыми тұрғыда негіздеді.

Ал Ильясова Нағима Әбзелбекқызы Алматы қаласынан арнайы келіп, «Интеграцияланған оқыту жағдайында оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде қазіргі білім беру жүйесіндегі пәнаралық байланыстың тиімді тетіктерін ұсынып, тәжірибелік маңызы жоғары тұжырымдарымен бөлісті.

Форум аясында тәжірибелі ұстаздардың практикалық ұсыныстары да назардан тыс қалмады. Көкшетау қаласының мұғалімі Ысқақова Майра Есболқызы қазақ тілін оқытуда заманауи контенттің рөлін атап өтіп, тіл үйренуді жастар үшін тартымды әрі өзекті етудің жолдарын көрсетті.

Сондай-ақ Атбасар, Целиноград аудандарынан келген педагогтер функционалдық сауаттылықты дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу, цифрлық дәуірдегі жазбаша жұмыстардың ерекшеліктері жөнінде ой бөлісті. Бұл бағыттағы ұсыныстар қазіргі білім беру жүйесінің сұранысына толық жауап беретінімен ерекшеленді.

Жалпы, форум барысында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы инновациялық тәсілдер, цифрлық технологиялардың әлеуеті және жасанды интеллектіні тиімді қолдану мәселелері жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Форум қорытындысы бойынша қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, функционалдық сауаттылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру кеңістігімен ұштастыру бағытында жүйелі қадамдар айқындалды.

Мұндай мазмұнды кездесулер – ұстаздардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, жаңа идеялардың қалыптасуына және білім сапасының артуына тың серпін беретіні сөзсіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы!

Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Бүгінде...

Оқу керек

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған