Жағымды жаңалықтарАқмола облысында 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы іске...

Ақмола облысында 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы іске қосылды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Зеренді ауданында 400 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Инвестициялық жоба Еленовка ауылында «Agro Milk Project» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, сауу жабдықтары орнатылып, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді.

«Голштин-фриз тұқымды ірі қараның жалпы саны биылғы төлді қоса есептегенде шамамен 440 басқа жетті. Қазіргі уақытта тәулігіне 4 тонна сүт өндіріледі, жаз мезгіліне қарай бұл көрсеткішті 6–6,5 тоннаға дейін, ал келесі жылы 8 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта ферма дамуының екінші кезеңі қарастырылған, онда қосымша сиыр қорасы мен екі бұзау қорасын салу арқылы өндірістік қуатты кеңейту көзделген», – деп атап өтті «Agro Milk Project» ЖШС директоры Юрий Швец.

Өндірілген өнімнің барлығы «Milk Project» өңдеу зауытына жеткізілетін болады. Кәсіпорынның толық жобалық қуатына шығуы мал басының бейімделуіне қарай жыл соңына дейін жоспарланған.

«Айта кету керек, фермадағы сиырлар «Родина» агрофирмасынан және Қазақстанның басқа да ауыл шаруашылығы құрылымдарынан әкелінген, бұл олардың жергілікті жағдайға бейімделуін жеңілдетеді. Бұл тұқым өңірімізде өзін жақсы көрсетті. Жалпы, мал шаруашылығы жобаларын іске асыру елорда маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға бағытталған», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, Еленовка ауылындағы жоба сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне негізделген АӨК саласындағы несиелеу бағдарламасы аясында 2023–2025 жылдары тағы 7 сүт-тауар фермасы қаржыландырылып, олардың 6-уы пайдалануға берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған