ОқиғаЩучинскідегі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде

Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде

-

- Advertisment -spot_img

Щучинск қаласында орналасқан «Центр плова» дәмханасында болған газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға 26 ақпан күні кешкі уақытта орын алды.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Ермектің мәліметінше, 26 ақпан күні сағат 22:01-де Бурабай аудандық ауруханасы қабылдау бөліміне аталған дәмханадан газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы шақырту түскен.

Зардап шеккендерді оқиға орнынан эвакуациялау жұмыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Оқиға орнына жедел жәрдемнің төрт бригадасы жіберіліп, алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілді.

Өкінішке қарай, апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмған.

Қазіргі уақытта дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Щучинск аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр халдегі төрт науқас жатыр. Сонымен қатар үш адам травматология бөлімінде ем қабылдауда, ал сегіз адам амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Медициналық көмекті күшейту мақсатында алты науқас Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланды.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық зардап шеккендерге қажетті ем-дом толық көлемде көрсетіліп жатыр. Тиісті қызметтер оқиғаның себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған