ЭкономикаОблыс әкімі Макинск құс фабрикасының ұжымымен кездесті

Облыс әкімі Макинск құс фабрикасының ұжымымен кездесті

-

- Advertisment -spot_img

Жұмыс сапары аясында Бұланды ауданына барған Ақмола облысының әкімі Макинск құс фабрикасына барып, ұжыммен кездесті. Кездесу барысында құс фабрикасын дамыту перспективалары, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ 15 наурызда Қазақстанда өтетін референдум талқыланды.

«Тәуелсіздіктің 34 жылы ішінде елімізде көптеген өзгерістер болды. Конституциялық реформа – бұл мемлекеттің заманауи шындықтарды ескере отырып, тұрақты даму моделін қалыптастыруға деген ұмтылысының көрінісі. Әңгіме мемлекеттік басқару жүйесін терең трансформациялау туралы болып отыр. 2026 жылғы Конституция жобасы – елді дамыту тәсілдерін түбегейлі жаңарту. 1995 жылғы Конституцияның озық ережелерінің сабақтастығын сақтай отырып, біз басты сұраққа жауап береміз: жаңа жағдайда Қазақстанның әділетті дамуын қалай қамтамасыз етуге болады? Біз егемендікті нығайту кезеңінен халқымыздың ұзақ мерзімді құндылықтарына негізделген саналы, жүйелі даму кезеңіне өтудеміз», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтуға, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, азаматтардың саяси үдерістерге қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылғанын айтты. Бұл әрбір адамның дауысы естілуі тиіс, ал қабылданатын шешімдер түсінікті әрі әділ болуы қажет дегенді білдіреді. Құс фабрикасының қызметкерлері референдум өткізуді қолдайтындарын білдірді.

«Адамды ісіне қарап бағалайды, ал мемлекетті – адамдарға деген қарым-қатынасына қарап бағалайды дейді. Негізгі Заңның басымдығы азаматтардың құқықтарын қорғау болуы тиіс, сондықтан мен азаматтық қоғамды нығайту бағытындағы қадамдарды қолдаймын. Референдумда әрқайсымыз өз таңдауымызды жасауымыз керек, бұл – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы», – деді кәсіпорынның көлік-логистика басқармасының басшысы Ерік Икласов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған