Жағымды жаңалықтар«Бурабай» МҰТП аумағында «BURABAY ICE - 2026» халықаралық мұз...

«Бурабай» МҰТП аумағында «BURABAY ICE — 2026» халықаралық мұз үстіндегі жүгіру жарысы өтті

-

- Advertisment -spot_img

14 ақпанда Бурабай курортында Қазақстан өңірлерінен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден келген трейлраннинг әуесқойларын біріктірген «BURABAY ICE — 2026» халықаралық мұз үстіндегі жүгіру жарысы өтті. 11 елден — Канада, Жапония, Перу, Швейцария, Косово және басқа мемлекеттерден келген 700-ден астам қатысушы қысқы курорттың ерекше атмосферасын сезініп, өз күштерін сынау үшін Бурабай көлі мұзына шықты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және туристтердің Ақмола облысына деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараны Ақмола облысы туризм басқармасының, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және өзге де серіктестердің қолдауымен «Экстремалдық Атлетика» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жарыс 7 км, 14 км және 21 км қашықтықтар бойынша өтті. Сонымен қатар 7 км қашықтыққа скандинавиялық жүріс бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша 21 шақырым қашықтықта ерлер арасында Жамбыл облысы, Мерке қаласының тұрғыны Еркебай Аким 1 сағат 42 минут нәтижемен жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында Дана Айдосова 2 сағат 4 минут уақыт көрсетіп, үздік нәтиже көрсетті. 14 шақырым қашықтықта ерлер арасында Жомарт Кумакбаев 1 сағат 6 минут нәтижемен бірінші орынды иеленді. Әйелдер арасында Флорида Минянова 1 сағат 27 минут уақытпен жеңімпаз атанды. 7 шақырым қашықтықта ерлер арасында Денис Степаненко 32 минутта мәреге бірінші болып жетті. Әйелдер арасында Алена Маймескулова 42 минут нәтижемен жеңіске жетті.

«Ақмола облысының Туризм басқармасы маусымаралық кезеңде осындай ауқымды іс-шараларды белсенді түрде қолдап, бастамашы болып келеді. Бұл оқиғалы туризмді дамытуға, шетелдік қонақтарды тартуға және өңірдің халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті Ақмола облысының Туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған