spot_img
ҚоғамЗеренді ауданындағы ветстанциядағы ахуал: қызметкерлер дауы мен басқару мәдениеті

Зеренді ауданындағы ветстанциядағы ахуал: қызметкерлер дауы мен басқару мәдениеті

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы ветеринариялық станцияда еңбек тәртібі мен басқару мәдениетіне қатысты туындаған мәселе көпшіліктің назарын аудартты. Редакцияға жолданған ұжымдық хатта станция қызметкерлері бірқатар ұйымдастыру олқылықтары мен жұмыс атмосферасына байланысты қиындықтарды алға тартып отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nayza Kokshe (@nayza_kokshe)

Хат авторларының айтуынша, мекемеде соңғы екі жылда еңбек қатынастары айтарлықтай өзгерген. Бұған бұрынғы маман-зейнеткердің орнына басшылыққа полиция органдарында қызмет еткен адамның келуі себеп болғанын алға тартады. Қызметкерлердің пайымдауынша, жаңа басшы енгізген қатаң тәртіп пен жиі жазбаша түсініктеме талап ету тәжірибесі жұмыс үдерісіне артық салмақ түсіріп, ұжымда психологиялық қысымның күшеюіне әкелген.

Редакцияға ұсынылған құжаттарда басшының қызметтік іссапарлары мен сыйақылары жөніндегі мәліметтер де бар. Онда 2025 жылы көлемді ақшалай сыйақылардың екі рет берілгені, сондай-ақ өткен жылдары да ірі сомалар төленгені көрсетілген. Ал ұжым өкілдерінің айтуынша, аталған сыйақылардың едәуір бөлігі тек басшылық деңгейінде шоғырланған.

Сонымен қатар хатта бірқатар қызметкерлерге әртүрлі себептермен ескерту мен сөгіс жарияланатыны, мереке немесе кәсіби жетістіктерге орай берілетін ынталандыру төлемдерінің кей жағдайда қысқартылатыны жөнінде жазылған. Авторлар мұны еңбек тәртібін сақтау тетігінен гөрі әкімшілік ықпал ету әдісіне айналған деп есептейді.

Ветеринария саласының мамандары төрт түліктің ауру профилактикасы мен эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жыл он екі ай үздіксіз еңбек ететіні белгілі. Ұжым мүшелері еңбек табиғатының күрделілігін ескере отырып, кадр тұрақтылығын сақтау мен жас мамандарды тарту мәселесінде қолайлы моральдық-психологиялық орта қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтеді.

Қазіргі таңда кәсіби қауымдастық саланың дамуына кеңінен үлес қосып келе жатқан тәжірибелі мамандардың әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін жиі көтеруде. Сол себепті басқару мәдениетін жетілдіру, еңбек қатынастарындағы ашықтықты қамтамасыз ету және ұжым ішіндегі өзара құрмет атмосферасын қалыптастыру – сала үшін де, аймақ үшін де маңызды міндеттердің бірі.

Редакция бұл мәселеге қатысты тиісті жауапты органдардың пікірін білу мақсатында сауал жолдап, ресми түсініктеме күтуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту...

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы жаңа автокөлік алды

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Аяла» арнайы балалар бақшасына барды. 2025 жылдан бастап бақша ерекше...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Александра Кәрімжанованың 80 жас мерейтойы атап өтілді

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Александра Кәрімжанованы 80...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған