spot_img
Жағымды жаңалықтар«+Qala» – жас қаланың жан жылуын ашқан премьера

«+Qala» – жас қаланың жан жылуын ашқан премьера

-

- Advertisment -spot_img

2025 жылғы 28 қарашада Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорт кешенінде жаңа театр ұжымының алғашқы туындысы – «+Qala» спектаклінің премьерасы қойылды. Лирикалық комедия жанрындағы бұл қойылым қаланың бүгінгі тынысын, ондағы адамдардың бір-біріне деген ықыласы мен ортақ құндылықтарын көркем өрнектейді.

Қойылымның авторы – жазушы, драматург Бақытбек Қадыр. Спектакльді сахналаған – жас та талантты режиссер Жұлдызбек Жұманбай. Шығармада Қосшыға түрлі өңірден келіп қоныстанған тұрғындардың тағдырлары, мінез-құлық ерекшеліктері мен ортақ ортаға бейімделу жолдары нанымды суреттеледі. Автор урбанизация үдерісінің адамдар арасындағы байланысты әлсіреткенін, алайда күтпеген жағдайлар оларды қайтадан ортақ мүддеге ұйыстырғанын көркем тілмен жеткізеді. Қойылым көрерменін адамгершілік, көршілік, бірлік секілді бағалы ұғымдарды қайта бағамдауға шақырады.

2021 жылдың 26 шілдесінде қала мәртебесін алған Қосшы қысқа уақыт ішінде даму қарқынын көрсеткен жаңа шаһар. Бұл өзгерістер де спектакль мазмұнымен астасып, жас қаланың өсу жолын көркем призмадан танытады.

Биыл шілде айында ресми түрде құрылған «Qosshy» ойын-сауық театрының алғашқы жобасы ретінде «+Qala» – ұжымның болашақ бағыт-бағдарын айқындаған мәнді мәдени бастама болды. Жаңа театрдың премьералық жұмысынан кәсіби ізденіс пен көркемдік жауапкершілік аңғарылады.

Жергілікті өнер сүйер қауым үшін маңызды мәдени оқиғаға айналған бұл спектакль Қосшының рухани өміріне тың серпін беріп, жас театр ұжымының алдағы шығармашылық ізденістеріне жол ашты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту...

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы жаңа автокөлік алды

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Аяла» арнайы балалар бақшасына барды. 2025 жылдан бастап бақша ерекше...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Александра Кәрімжанованың 80 жас мерейтойы атап өтілді

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Александра Кәрімжанованы 80...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған