spot_img
Жағымды жаңалықтарХалыққа құқықтық көмек — сенімді өмірдің кепілі

Халыққа құқықтық көмек — сенімді өмірдің кепілі

-

- Advertisment -spot_img

Бүгін Қосшы қаласының қоғамдық мәдени-спорт кешенінде қала прокуратурасының үйлестіруімен «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге жәрдемдесу, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу.

Акция барысында білікті заңгерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері қала тұрғындарын қабылдап, өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.

Азаматтар азаматтық, еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік және өзге де салаларға қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Көптеген өтініштер нақты мысалдар негізінде қаралып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға құқықтық көмек алу тетіктері мен мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта пайдалану жолдары таныстырылды. Бұл, өз кезегінде, азаматтардың заңды құқықтарын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, «Халық заңгері» акциясы еліміз бойынша тұрақты түрде өткізіліп келеді және оның басты нәтижесі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың мемлекетке және заңға деген сенімін күшейту.

Құқықтық мәдениеті жоғары қоғам – әділдіктің, тұрақтылық пен сенімнің кепілі.
Заңды білу – сенімді өмірдің кепілі. Әр азамат өз құқығын қорғап, заң аясында әрекет етуге міндетті және соған лайықты құқықтық қолдау таба алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту...

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы жаңа автокөлік алды

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Аяла» арнайы балалар бақшасына барды. 2025 жылдан бастап бақша ерекше...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Александра Кәрімжанованың 80 жас мерейтойы атап өтілді

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Александра Кәрімжанованы 80...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған