СпортАқмола облысынан 21 спортшы Жапониядағы Азия ойындарына қатысады

Ақмола облысынан 21 спортшы Жапониядағы Азия ойындарына қатысады

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының 21 спортшысы Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. Олар бокс, триатлон, баскетбол, волейбол және садақ ату сынды спорттың тоғыз түрінен бақ сынайды. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин айтып берді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ойындар 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді. Ақмола облысының құрамында бокстан Азия чемпионы Оразбек Асылқұлов пен Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Аян Бейсенбаев бар. Сондай-ақ облыстың тағы сегіз спортшысы Қазақстанның баскетболдан әйелдер құрамасына енді.

«Азия ойындарына қатысу — спортшылар мен жаттықтырушылардың үлкен еңбегінің нәтижесі. Қазір басты міндет — жинаған спорттық бабымызды сақтап, команданың жарысқа лайықты қатысуына барлық жағдайды жасау», — деді Ардақ Төлендин.

2023 жылы Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарында Ақмола облысының атынан 15 спортшы өнер көрсетті. Сол кезде өңір қоржынына екі медаль түсті: Карина Ибрагимова бокстан күміс, ал Аян Бейсенбаев триатлоннан қола жүлде иеленді. Биыл облыс құрамындағы спортшылар саны 21-ге жетті.

«Спортшыларымыздың ойындарда республикалық және халықаралық жарыстарда көрсеткен дайындық деңгейін көрсете алғаны біз үшін маңызды. Барлық командаға лайықты өнер көрсетуді тілейміз», — деді Ардақ Төлендин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған