ҚоғамАқмола облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Ақмола облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткен кеңесте өңір басшысы Марат Ахметжанов астана маңындағы аудандардың әкімдерінің баяндамаларын тыңдады.

Гидрологиялық болжамға сәйкес, облыстың бірқатар аудандарында топырақтың ылғалдану деңгейі, тоңның қату тереңдігі және қар қоры көлемі қалыпты көрсеткіштерден асып отыр. Есіл, Жабай, Сілеті өзендерінде және олардың салаларында су деңгейінің қауіпті шектен асу қаупі жоғары.

«Біздің өңір су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарына кіреді. Бұл бізден халықтың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ олардың мүлкін сақтау мақсатында жедел шешімдер қабылдап, қойылған міндеттерді уақтылы орындауды талап етеді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қар шығару жұмыстарына бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге, өзен арналарына жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған қаржыландыру 1,7 есеге артты. Инженерлік және су сору техникасы дайындалуда, инертті материалдар, қаптар мен жанар-жағармай қоры жинақталуда. Халықпен өзара іс-қимылды жолға қойып, азаматтық бастамаларды қолдау қажет», – деді өңір басшысы.

Аудан әкімдері мен Қосшы қаласының әкіміне қар шығару жұмыстарын жандандыру, инженерлік және су сору техникасын толық дайындыққа келтіру, қажет болған жағдайда оларды су тасқыны қаупі бар елді мекендерге жедел түрде қайта орналастыру, сондай-ақ эвакуациялау және күштердің уақытша орналасу пункттерін дайындау тапсырылды. Сонымен қатар халықпен ақпараттық жұмысты күшейтіп, әлеуметтік желілердегі өтініштерге жедел әрекет ету жүктелді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы тұрақты бақылауда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған