Қоғам«Көкше Цемент» зауытында тағы да жұмысшылардың еңбекақысы кешіктірілді

«Көкше Цемент» зауытында тағы да жұмысшылардың еңбекақысы кешіктірілді

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының «Көкше Цемент» кәсіпорнында жұмыс істейтін қызметкерлер еңбекақының уақытылы берілмеуіне шағымданды. Олардың айтуынша, бұл мәселе бірнеше ай қатарынан қайталанып келеді.

Редакциямызға хабарласқан жұмысшылардың бірі:

«Өткенде әлеуметтік желіде мәселе көтерілген соң бірден ақша түскен еді. Бірақ осы айда жағдай тағы қайталанып отыр. Біз жұмысымызды адал істейміз, бірақ еңбекақымызды алу үшін әр жолы шу көтеруге мәжбүрміз», – дейді.

Кәсіпорынның жұмысшылары тарапынан наразылық күшейген. Олардың көпшілігінің отбасы, төленетін несиесі бар. Жұмысшылардың сөзінше, зауыт басшылығы еңбекақының кешігуіне қатысты түсініктеме бермеген.

Бұл – «Көкше Цемент» зауытындағы жалақы мәселесінің бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттан кейін ғана қаражат берілген болатын.

Жергілікті белсенділер мұндай жағдайды еңбек заңнамасының өрескел бұзылуы деп санайды.

«Жалақы – бұл адамдардың ең негізгі құқығы. Егер кәсіпорын уақытында төлемесе, жұмысшылардың еңбек инспекциясына немесе сотқа жүгінуіне толық құқығы бар», – дейді заңгер әрі құқық қорғаушы.

Қазір зауыттағы ахуалға қатысты ресми түсініктеме алу мүмкін болмады. «Nayzakokshe.kz» редакциясы кәсіпорын басшылығына ресми сауал жолдады.

Жұмысшылар билік пен жауапты органдарға үндеу жолдап, жағдайға назар аударуды сұрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған