СаясатДәрігер еңбегі, ауыл болашағы және саналытаңдау: Дина Жоламан...

Дәрігер еңбегі, ауыл болашағы және саналытаңдау: Дина Жоламан Жақсы ауданының медицина қызметкерлерімен кездесті

-

- Advertisment -spot_img

Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі және тұрғындардың әл-ауқаты. «Әділет» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Дина Жоламанның Жақсы аудандық ауруханасының ұжымымен кездесуінде осы мәселелер талқыланды.

Ақмола облысында сайлауалды үгіт-насихат науқаны жалғасып жатыр. Кандидаттар қалалармен ауылдарда тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Жүздесулерде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттермен оларды өңірде жүзеге асыру жолдары да сөзболуда.

Жақсы аудандық ауруханасында өткен кездесуде медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Әңгіме денсаулық сақтау саласымен қатар, ауданның әлеуметтік мәселелерін де қамтыды.

Дина Жоламан үшін бұл өңірдің орны бөлек. Жақсыда спортшы ретінде қалыптасып, бокстан әлем чемпионы атанған ол халықаралық жарыстарда Қазақстанның абыройын асқақтатты. Бүгінде ауданның мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарып, жасспортшыларды тәрбиелеуге үлес қосып келеді. Оның туған өлкеге деген жанашырлығы жергілікті балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау ісімен сабақтасып отыр.

Кездесуде дәрігерлер мен мейіргерлердің еңбегін қолдау мәселесіне ерекше мән берілді. Күн сайынадам денсаулығына жауап беретін мамандарға қолайлы жұмыс ортасы, лайықты еңбекақы және кәсіби дамуға мүмкіндік қажет.

Президент Жолдауында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті күшейтуді, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтуді және қаржыландыруды кезең-кезеңімен арттыруды тапсырды. Сондай-ақ жаңа перинаталды қорталықтар мен балалар ауруханаларын салу міндетін қойды.

 

«Құрметті жерлестер! Жақсы ауданының тыныс-тіршілігі, тұрғындарды толғандыратын мәселелер бәрімізге таныс. Президент Жолдауында жол, медицина, таза ауызсу жәнехалықтың тұрмыс сапасына қатысты нақты міндеттер белгіленді. Мен осы бағыттардажұмыс істеуге ниеттімін. Әсіресе, адам денсаулығына жауапты мамандардың еңбегін қолдау маңызды. Мемлекет басшысы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмектің учаскелік қызметі мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтілі үшін 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Осындай бастамалардың жергілікті жерде орындалуы назарда болуы керек. Сіздераудан өміріне белсенді араласып, тұрғындардың жағдайын күнделікті жұмыстарыңыздан көріп жүрсіздер. Сайлауда әрқайсыңыз өз таңдауыңызды жасайсыздар. Ең бастысы, ел болашағына қатысты шешімнен шет қалмай, дауыс беруге саналы түрде қатысу», — деді Дина Жоламан.

Кездесу медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, ауданға ортақ міндеттерді талқылауға мүмкіндік берді. Адам өміріне араша түсіп жүрген мамандардың қоғамдық белсенділігі де маңызды. Олардың сайлауға қатысып, бағдарламаларды саралап, саналы таңдау жасауы ауданның алдағыдамуына ықпал етеді.

Дайындаған «Әділет» партиясының Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.


Тапсырыс беруші: Беспалинов Б.М.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Макинск қаласында жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды

Бұланды ауданының Макинск қаласында тұрғындар көптен күткен жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды. Балалар мен спорт алаңдары, серуендеуге арналған...

Ілиясовтар әулетіне «Мерейлі отбасы – 2026» байқауында екі миллион теңге табысталды

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздар қатарына - Ақмола облысынан Ілиясовтар әулеті лауреат атанып, екі миллион теңге...

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...

Оқу керек

Макинск қаласында жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды

Бұланды ауданының Макинск қаласында тұрғындар көптен күткен жаңа мәдениет...

Ілиясовтар әулетіне «Мерейлі отбасы – 2026» байқауында екі миллион теңге табысталды

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздар қатарына...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған