КөкшетауКөкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жоба өңірдің мәдени инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Құрылыс алаңына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барды.

Жаңа театрдың құрылысы «Сарыарқа» шағынауданында жүргізілуде. Жобаны әзірлеу кезінде заманауи сәулеттік шешімдерге, көрермендерге қолайлы жағдай жасауға және әртістердің кәсіби қызметіне қажетті материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

«Мемлекет басшысының Жолдауында ауқымды Халықтық құрылыс бастамасы жарияланғаннан кейін көп ұзамай жаңа театр құрылысының қолға алынуының өзіндік мәні бар. Театр салу – өңірдің рухани және мәдени дамуына салынған маңызды инвестиция. Болашақ өнер ордасының орны да кездейсоқ таңдалған жоқ. Бүгінде «Сарыарқа» шағынауданы жаңа нысандар мен ғимараттар шоғырланған орталыққа айналып келеді. Мұнда медициналық, білім беру, спорт және басқа да әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Енді олардың қатары тағы бір маңызды мәдениет ошағымен толығады. Бүгін біз осы нысанның құрылысын бастаймыз», – деді Марат Ахметжанов.

Жоба аясында заманауи сәулеттік келбеті бар, кең әрі қолайлы бөлмелермен және театрдың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған мәдениет нысаны салынады. Ғимаратта заманауи сахналық технологиялармен жабдықталған жайлы көрермен залы болады. Бұл түрлі деңгейдегі қойылымдарды сахналауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар репетиция залдары, грим бөлмелері, театр труппасы мен шығармашылық ұжымдарға арналған арнайы бөлмелер қарастырылған.

Айта кетейік, жаңа театр құрылысы Инфрақұрылымды дамыту қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын нысандар тізбесіне алдын ала енгізілген. Құрылыс жұмыстарын «кілт тапсыру» қағидаты бойынша аяқтау жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ілиясовтар әулетіне «Мерейлі отбасы – 2026» байқауында екі миллион теңге табысталды

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздар қатарына - Ақмола облысынан Ілиясовтар әулеті лауреат атанып, екі миллион теңге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Ілиясовтар әулетіне «Мерейлі отбасы – 2026» байқауында екі миллион теңге табысталды

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздар қатарына...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған