МәдениетЖарқайың ауданында креатив пен ұлттық мұра үндескен жаңа кеңістік...

Жарқайың ауданында креатив пен ұлттық мұра үндескен жаңа кеңістік ашылды

-

- Advertisment -spot_img

Жарқайың ауданында аудандық кітапхана базасында креативті индустрия кабинеті ашылып, өз жұмысын бастады. Аталған кеңістік шығармашылықты дамытуға, шабыт алуға және ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған.

Жаңа кабинетте ұлттық нақыштағы бұйымдарды тігумен айналысатын талантты шебер, Державинск қаласының тұрғыны Ермағанбетова Назгүл Қизатуллақызы еңбек етеді. Ол қазақ халқының бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен қолөнерінің ерекшелігін айшықтайтын бірегей туындылар жасап келеді.

Назгүл Қизатуллақызы 2019 жылдан бері қолөнермен айналысып, өз жұмыстарын аудандық мерекелік іс-шараларда ұсынып, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Қолөнер – оның сүйікті ісі әрі өмірлік таңдауы.

«Қолөнер — мен үшін жай ғана жұмыс емес, ол — жанымның тынысы. Әрбір жасаған бұйымым арқылы ұлттық нақышты дәріптеп, ата-бабамыздың өнерін кейінгі ұрпаққа жеткізгім келеді», — дейді шебер.

Кабинет аясында шебердің қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылған. Кітапхана келушілері оның шығармашылығымен танысып, ұлттық ою-өрнектер мен нақыштардың ерекшелігін көре алады.

Аталған жоба ұлттық құндылықтарды насихаттауға, қолөнерді дамытуға және тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта шебер өз кәсібін одан әрі дамытып, ауданның мәдени өміріне белсенді үлес қосуды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған