ҚоғамТұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхана: қолайсыздық па, әлде қауіп...

Тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхана: қолайсыздық па, әлде қауіп пе?

-

- Advertisment -spot_img

Щучинск қаласында болған қайғылы оқиға қоғамда көптен бері айтылып келе жатқан мәселені қайта көтерді. Тұрғын үйлерге жапсарлас салынған дәмханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының қауіпсіздігі жайлы сұрақ тағы да күн тәртібіне шықты.

Бір қарағанда мұндай нысандар кәдімгі бизнес сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде олардың көпшілігі тұрғындардың күнделікті өміріне үлкен қолайсыздық тудырып қана қоймай, кей жағдайда қауіпсіздікке де қатер төндіреді.

Ауладағы дәмхана

Осындай жағдайларды Көкшетау қаласынан да кездестіруге болады. Мысалы, Центральный көшесі 30 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйге «Мерей» дәмханасы жапсарлас салынған. Нысан іс жүзінде тұрғын үйдің ауласына кіретін жолдың дәл жанында орналасқан. Соның салдарынан тұрғындардың аулаға еркін кіріп-шығуына кедергі келтіреді.

Басты алаңдаушылық – қауіпсіздік. Ертең қандай да бір төтенше жағдай бола қалса, тұрғын үйдің қабырғасына жапсарлас салынған ғимараттың салдары қандай болмақ? Панельден тұрғызылған үйдің конструкциясы мұндай соққыға төтеп беретініне кім кепіл?

Дәл осындай жағдай сол маңдағы «Шах» дәмханасында да байқалады. Екі көпқабатты тұрғын үйдің ортасында орналасқан бұл жерде күн сайын той-томалақ, жиындар өтеді.

Ал оның салдары – ұйқысыз түндер. Музыка, дабыр, көлік қозғалысы. Кей кездері келушілер ішімдікке тойып алып, тұрғын үйдің ауласында жанжал шығарып жататын жағдайлар да кездеседі.

Тұрғындар еріксіз сұрақ қояды: неге олар өз үйлерінде тыныш өмір сүре алмайды?

Абылайхан көшесі 11 мекенжайындағы тұрғын үйге жапсарласа салынған «LIVE» бары да осы мәселеге мысал бола алады. Мұнда орналасқан кәуапхананың түтіні тұрғындардың балкондары арқылы өтіп, пәтерлерге кіріп кетеді. Жаз мезгілінде тұрғындар терезесін ашуға да мәжбүр болмай қалады.

Мұндай мысалдар Көкшетауда аз емес.

Үй – бизнес алаңы емес

Осы жерде тағы бір маңызды сұрақ туындайды: тұрғын үй салынғаннан кейін оған мұндай нысандарды жапсарлауға кім рұқсат береді?

Адамдар пәтерді бір-екі жылға алмайды. Көпшілігі 15–20 жылдық ипотека рәсімдеп, отбасының болашағын сол үймен байланыстырады. Пәтер сатып аларда адам ең алдымен жайлылыққа қарайды: ауласы қандай, көршілері қалай, тыныш па, қауіпсіз бе.

Ал бірнеше жылдан кейін сол үйдің жанынан кенеттен дәмхана немесе мейрамхана пайда болады. Аула келушілердің көлігіне толады, түн ортасына дейін музыка естіледі, ал терезеден ас үйдің иісі келеді.

Сонда тұрғындар әділ сұрақ қояды: адам пәтерді осындай жағдайға тап болу үшін сатып ала ма?

Бүгінде елімізде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Әділ Қазақстан» қағидаты жиі айтылады. Егер шынымен әділ қоғам құруды мақсат етсек, онда мұндай шешімдер тұрғындардың пікірін ескермей қабылданбауы тиіс.

Адам үй сатып алғанда бір нәрсеге сенімді болуы керек: ертең оның үйінің жанында қауіп төндіретін немесе тыныштығын бұзатын бизнес нысаны пайда болмайды.

Өйткені тұрғын үй – бұл бизнес жүргізетін орын емес.

Бұл – адамдардың қауіпсіз әрі тыныш өмір сүруге арналған кеңістігі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған