Жағымды жаңалықтарСырмақ іздесеңіз – Қосшыға келіңіз!

Сырмақ іздесеңіз – Қосшыға келіңіз!

-

- Advertisment -spot_img

Қазақ қолөнерінің көркемдік мұрасы – киіз басу өнері. Киізден тұрмысқа қажетті бұйым жасап, оған ою-өрнек түсіру дәстүрі ғасырлар бойы жалғасып, бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпай келеді.

Халқымыз жүннен киіз басып, туырлық, үзік, түңлік, текемет, сырмақ, тұскиіз сынды тұрмыстық бұйымдардың сан түрін жасаған. Бүгінде бұл өнер – ұлттық мәдениеттің тамыры терең, ерекше дереккөзі.

Сырмақ жасаудың шебері — Әлия Сапарбекқызы Қалиасқарова
Шеберлік жолын 2019 жылы бастаған Әлия апай бала күнінен әжесінен көрген тәлімді бүгінгі еңбегіне арқау еткен. Жүн жуып, түту секілді нәзік істі меңгерген ол бүгінде кәсібін дөңгелетіп, 100-ден аса сырмақ дайындап, шетелдік көрмелерге ұсынған.

Оның қолөнер туындылары АҚШ, Дания, Францияда жоғары сұранысқа ие.
Биыл шебер «Бір ауыл – бір өнім» жобасының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанды.

Бұл жоба өңірдегі бірегей өнімді анықтауға, жергілікті тауар өндірісін дамытуға және ұлттық бренд қалыптастыруға бағытталған.

Қолөнер сүйер қауымға!
Егер табиғи жүннен жасалған ұлттық нақыштағы сырмақ сатып алғыңыз келсе, немесе шебердің туындыларымен танысып, шеберлік сағатына қатысам десеңіз – Қосшыға келіңіз!

Қосшы қаласының мәдениет орталығы, Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің креативті көрме залы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен өткен вакцинация штабының отырысы...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында құрамында «көңілді газ» деп аталатын азот оксиді бар заты бар...

Астанада жеке кәсіпкер өз банк шотын қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дропперлік — яғни банктік шоттарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 2025 жылы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты. Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру...

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары...

Оқу керек

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды....
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған