2026 жылдың 13 наурызында Көкшетауда Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының шығармашылық ұжымдарының «Qonaqjai Qazaqstan» облыстық фестивалі өтті.
Шараны Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Фестивальдің мақсаты – өңірде тұратын этностар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың өнерін насихаттау.
Фестивальге Ақмола облысындағы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары қатысып, көрермен назарына ән, би және вокалдық нөмірлерін ұсынды. Сахнада түрлі этностардың мәдениеті мен өнері көрініс тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Байқау қорытындысы бойынша ансамбльдер мен жеке орындаушылар арасында жүлделі орындар анықталып, қатысушылар дипломдармен марапатталды.
«Qonaqjai Qazaqstan» фестивалі өңірдегі этномәдени бірлестіктер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып, достық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.









