2025 жылдың 21–22 қараша күндері Қосшы қаласындағы “ALAN” дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 2014–2015 жылы туған қыздар арасында республикалық волейбол турнирі өтеді.
Турнирдің мақсаты – жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, талантты волейболшыларды анықтау, командалар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ облыстық және республикалық чемпионаттарға дайындықты пысықтау.
Турнирдің салтанатты ашылуы 21 қараша күні сағат 12:00-де өтеді.
Жарысқа Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Қосшы қалаларының, сондай-ақ Ақмола облысының әртүрлі аудан-қалаларынан келген жас волейболшылар қатысады. Спортшылар екі күн бойы топтық кезең және финалдық ойындарда өзара мықтыны анықтайды.
Барлық қала тұрғындары мен қонақтарды жас спортшыларды қолдап, олардың өнерін тамашалауға шақырамыз!




