Жағымды жаңалықтарҚосшыда электр желілері жаңартылып жатыр

Қосшыда электр желілері жаңартылып жатыр

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында электр желілерін жаңғырту және кеңейту жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба қаланың оңтүстік бөлігі мен 19–20-шағынаудандарды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл аумақтарда шамамен 3 мың абонент тұрады.

2023 жылы облыстық бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оған 2,9 млрд теңге бөлінді. Сол құжаттама негізінде 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, бас мердігер ретінде «Инсект» ЖШС анықталды. Жұмыстың сапасын бақылау мақсатында техникалық және авторлық қадағалау міндеті «Redline Pro» және «Мерей-Тайынша» серіктестіктеріне жүктелген.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Қала аумағында жаңа тіректер орнатылып, темірбетон элементтерін құру, бұрғылау және кабель тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар трансформаторлық қосалқы стансаларға арналған іргетастар дайындалуда.

Жалпы жұмыстың 27 пайызы орындалды. Бүгінге дейін 753 дана СВ 95-2 және 202 дана СВ 105-5 электр тіректері қойылды. Сондай-ақ 5 шақырым СИП қуат кабелі тартылды. Жоба толық аяқталған соң Қосшы қаласындағы электрмен жабдықтау сапасы айтарлықтай жақсарып, жүйенің қуаттылығы артады.

Жобаның тапсырыс берушісі – Қосшы қаласының құрылыс бөлімі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың шілдесінде басталған, ал нысанды желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Аталған бастама Қосшы қаласының инфрақұрылымдық дамуына серпін беріп, жаңа шағынаудандардың тұрақты әрі қауіпсіз электр энергиясымен қамтылуына мүмкіндік жасайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен өткен вакцинация штабының отырысы...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында құрамында «көңілді газ» деп аталатын азот оксиді бар заты бар...

Астанада жеке кәсіпкер өз банк шотын қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дропперлік — яғни банктік шоттарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 2025 жылы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты. Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру...

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары...

Оқу керек

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды....
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған