Жағымды жаңалықтарҚосшы қаласын сумен қамтамасыз етуде тұрақты қадам: «Қосшы су»...

Қосшы қаласын сумен қамтамасыз етуде тұрақты қадам: «Қосшы су» кәсіпорнының 3,5 жылдық жұмысы

-

- Advertisment -spot_img

Қосшының қарқынды өсуі ауыз су инфрақұрылымын жаңа деңгейде дамытуды талап етті. Осы міндетті орындау үшін құрылған «Қосшы су» кәсіпорны 3,5 жыл ішінде қала тіршілігінің маңызды саласын тұрақты қамтамасыз ететін құрылымға айналды.

Жаңа қаланың жаңа міндеттері

Қосшы қаласы соңғы жылдары қарқынды дамып, демографиялық өсім мен урбанизация үдерісі инженерлік инфрақұрылымға жаңа талаптар қойып отыр. Әсіресе ауыз су жүйесін тұрақты әрі сапалы қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде маңызды орынға шықты. Қаланың осы бағыттағы қажеттілігін жүйелі шешу және техникалық тәуекелдердің алдын алу мақсатында 2022 жылғы 3 маусымда Қосшы қаласы әкімдігінің №02-129 қаулысымен мемлекеттік-коммуналдық «Қосшы су» кәсіпорны құрылған болатын. Биыл кәсіпорынның құрылғанына 3,5 жыл.

Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыты

«Қосшы су» кәсіпорнының басты мақсаты – қаланы үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Техникалық құрам суды жинау, тазарту, бөлу, ағынды суларды өңдеу және инфрақұрылымға техникалық қызмет көрсету сияқты маңызды жұмыстарды атқарады. Барлық процестер санитарлық нормалар мен инженерлік талаптарға сай жүзеге асырылады.

Кәсіпорын жұмысы екі негізгі бағытқа бөлінеді:

  1. Ауыз су өндірісі және тарату.

Суды жинау, тазарту және тұтынушыларға жеткізу кезеңдері толық бақылауда ұсталып, нормативтерге сай орындалады.

  1. Ағынды суларды жинау және тазарту.

Экологиялық талаптарды сақтау және тазарту сапасын қамтамасыз ету – бұл бағыттағы басты міндет.

Ауқымды жұмыс атқарып отырған ұжым

Бүгінде кәсіпорында 163 қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 13 адам – әкімшілік-басқару құрамында, 126 адам – өндірістік қызметкерлер. Тұрғындарға тәулік бойғы су жеткізу жұмысы – үздіксіз бақылауды және жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Сондықтан әрбір маманның атқарған еңбегі қала өмірінің тұрақтылығына тікелей ықпал етеді.

Жылу қазандықтарын басқару – кәсіпорынның қосымша жауапкершілігі

«Қосшы су» кәсіпорнының жұмысы тек ауыз су және ағынды су жүйелерімен шектелмейді. Кәсіпорын қаладағы маңызды әлеуметтік нысандардың бірі – «Даймонд Парк», «Сиреневый сад»,«Табыс құрылтай» тұрғын үй кешендерінің және қалалық емхананың жылу қазандықтарын да толықтай өз қарауына алған. Қыстағы үздіксіз жылу беру – қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін шешуші фактор екені белгілі.

Аталған жылу орталықтарында 34 қызметкер жұмыс істейді. Олар жылу қазандықтарының техникалық жай-күйін бақылау, жабдықтарды реттеу, маусымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу және жылу беру маусымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету міндеттерін атқарады.

Жылу жүйесіне жауапты мамандардың тәулік бойғы кезекшілігі мен техникалық дайындық деңгейі – тұрғын үйлердегі қалыпты температураны сақтаудың негізгі кепілі. Бұл – кәсіпорынның тек сумен қамтамасыз ету саласы ғана емес, қаланың жылу инфрақұрылымындағы маңызды міндеттерді де табысты атқарып отырғанын көрсетеді.

Техникалық база – тұрақты жұмыстың кепілі

Қала инфрақұрылымын тиімді басқару үшін кәсіпорынның техникалық паркі маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда «Қосшы су» мекемесі түрлі бағыттағы жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін 13 (8 арнайы техника, 5 автокөлік) бірлік автокөлік пен арнайы техникаға ие.

Бұл техника паркі апаттық жағдайларды жедел жоюға, құбырларды тазартуға, су тасымалдауға, кәріз жүйелерін реттеуге және жыл бойы атқарылатын жұмыстарды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктерінің кеңеюі қызмет сапасының артуына тікелей әсер етіп отыр.

3,5 жылдағы нәтижелер және болашақ жоспарлар

Кәсіпорын құрылған күннен бері су инфрақұрылымын жаңарту, жаңа желілер тарту, тозған құбырларды ауыстыру және су сапасын бақылауды күшейту бағытында ауқымды міндеттерді атқарды. Қала аумағының кеңеюімен бірге жаңа шағынаудандарды сумен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Алдағы мақсат – сенімді су инфрақұрылымын толық қалыптастыру

Су – тіршіліктің өзегі. Қосшы қаласының бүгіні мен ертеңі сенімді су жүйесіне байланысты. «Қосшы су» кәсіпорны 3,5 жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, алдағы уақытта да инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты жалғастыруды көздеп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен өткен вакцинация штабының отырысы...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында құрамында «көңілді газ» деп аталатын азот оксиді бар заты бар...

Астанада жеке кәсіпкер өз банк шотын қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дропперлік — яғни банктік шоттарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 2025 жылы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты. Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру...

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары...

Оқу керек

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды....
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған