spot_img
Жағымды жаңалықтарКөкшетауда «Көк шалғын» қоғамдық кеңістігі ашылды

Көкшетауда «Көк шалғын» қоғамдық кеңістігі ашылды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының орталығында «Көк шалғын» атты бірыңғай қоғамдық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған қалалық жоба жүзеге асырылды. Оның ашылуы Халықаралық қарттар күніне орайластырылды. Жоба Мемлекет басшысының Көкшетауға сапары барысында таныстырылды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, концепцияны әзірлеу кезінде елорда мен шетелдердің озық тәжірибесі ескерілді. Мұндай жобалар қалалық орта сапасының жоғары стандартын қалыптастырып, тұрғындар үшін тартымды орталықтарға айналған.

«Жоба Мемлекет басшысының қоғамдық кеңістіктерді дамытуға арналған бірыңғай концепция әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жасалды. Біз заманауи технологиялар мен сәулеттік шешімдерді, қоғамдық қауіпсіздік элементтерін енгізуге ұмтылдық. Көріктендіруге ерекше көңіл бөлінді – тек көпжылдық өсімдіктер отырғызылды. Жарықтандыру да ойластырылған: көзді шаршатпайтын, жайлы жылы жарық қолданылды. Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасын табады. Келесі жылға ауқымды жобалар жоспарланған: Көпе көлінің жағалауын абаттандыру жалғасады, «Сарыарқа» шағынауданы кешенді түрде көріктендіріліп, халықаралық деңгейдегі жаңа стадионның құрылысы басталады», – деді Марат Ахметжанов.

«Көк шалғынның» ашылуына орай қала тұрғындары үшін түрлі шаралар ұйымдастырылды – спорттық сайыстар, өнер ұжымдарының концерттері, 100 жұп қатысқан жаппай вальс, театрландырылған қойылымдар және мың адамға шай құю бойынша рекорд орнатылған «Шай ішейік» фестивалі.

Ұзындығы үш шақырымға созылған жаңа парк «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінен басталып, Көпе көлінің жағалауына дейін жетіп, «Жағалау» набережнаясына жалғасады. Жобаның негізі – қаланың негізгі орындарын: Мәңгілік алау саябағын, Даңқ аллеясын, Тәуелсіздік алаңын және Сәғдиев көшесін бірыңғай сәулеттік және дизайнерлік стильдегі туристік маршрутқа біріктіру.

Аллея жаяу серуендеуге және толыққанды демалысқа ыңғайлы етіп жасақталған: мұнда 96 тораңғы, 391 қарағай мен шырша, 124 жөке ағашы, сондай-ақ бұталар мен көпжылдық гүлдер отырғызылды. Ыңғайлы орындықтар, балалар ойын алаңдары және 4 сәндік субұрқақ орнатылды. Барлығы 7,5 гектар аумақта абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдық кеңістіктің инфрақұрылымы 246 шамды, 12 спорттық және балалар алаңын қамтиды.

«Көк шалғын» жобасы – жасыл, заманауи әрі жайлы, әр тұрғын мен қонақ үшін ашық жаңа Көкшетаудың символына айналды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту...

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы жаңа автокөлік алды

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Аяла» арнайы балалар бақшасына барды. 2025 жылдан бастап бақша ерекше...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Александра Кәрімжанованың 80 жас мерейтойы атап өтілді

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Александра Кәрімжанованы 80...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған