spot_img
КөкшетауИнвестиция тарту үшін инфрақұрылымды дамыту: Олжас Бектенов Ақмола облысының...

Инвестиция тарту үшін инфрақұрылымды дамыту: Олжас Бектенов Ақмола облысының индустриялық аймағының жобаларымен танысты

-

- Advertisment -spot_img

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысында Президенттің  өнеркәсіптік әлеуетті дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Олжас Бектенов Көкшетау қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі жобаларға арналған Kokshe Industry индустриялық аймағының дамуымен танысты. ИА аумағында жүзеге асып жатқан жаңа өндіріс нысандарын аралап көрді. Олардың қатарында «ММ Brick» ЖШС-нің кірпіш зауыты, «Содружество Казахстан» ЖШС-нің майлы дақылдарды қайта өңдеу кешені, «Кедентранссервис» АҚ-ның Қазақстан-Қытай құрғақ портын (логистикалық терминал) салу жобасы және тағы басқалар бар.

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев индустриялық аймақтың жалпы ауданы 600 гектарды құрайтынын, қазіргі уақытта 2026-2027 жылдарға іске қосу жоспарланған, 670 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, жалпы сомасы 22,7 млрд теңге болатын жобалар жүзеге асырылуда екенін баяндады. 2030 жылға дейін 520 млрд теңгеден астам сомаға 40-қа жуық инвестициялық жоба тарту көзделген. Индустриялық аймақтың инвестицияларды тарту және жаңа өндірістерді іске қосу жұмыстарында негізгі платформа ретіндегі рөлі атап өтілді. Сонымен қатар, инженерлік және көлік инфрақұрылымын алдын ала жүргізу қажеттігіне назар аударылды.

«Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС алаңында Премьер-министр ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканы шығару бойынша кәсіпорынның өндірістік қуаттарын қарап шықты. Зауыттың ағымдағы қызметі мен даму жоспарлары туралы бас директор Олег Балыбин баяндады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 65 млрд теңгеге 4 мыңнан астам техника өндірді. Өндірісті кеңейту бойынша жобаның төртінші кезегі жүзеге асырылды: 3 млрд теңгеден астам инвестиция өндірісті жылына 5 мыңға дейін ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, өнімділікті арттыруға және отандық жеткізушілермен кооперацияны күшейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта индустриялық аймақ аумағында ауыл шаруашылығы, арнайы және коммуналдық техникаларды өндіру қуатын жылына 6 мың бірлікке дейін кеңейту жобасы жоспарлануда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 10 млрд теңгеге дейін жетеді. Бүгінгі таңда кәсіпорында 400-ге жуық адам жұмыс істейді.

Премьер-министр индустриялық жобаларды жедел іске қосудың және машина жасаудағы локализациялау деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне және Ақмола облысының әкімдігіне «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС өндірісін кеңейту жөніндегі жоспарларды қолдауды, инфрақұрылымды уақтылы жүргізуді және Kokshe Industry индустриялық аймағының аумағында инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту...

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы жаңа автокөлік алды

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Аяла» арнайы балалар бақшасына барды. 2025 жылдан бастап бақша ерекше...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Александра Кәрімжанованың 80 жас мерейтойы атап өтілді

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Александра Кәрімжанованы 80...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған