Жағымды жаңалықтар«Еңбегім саған, елім»: Қосшыда өткен айтыс еңбек адамын ұлықтады

«Еңбегім саған, елім»: Қосшыда өткен айтыс еңбек адамын ұлықтады

-

- Advertisment -spot_img

Республика күні қарсаңында Қосшы қаласында ел еңбегін дәріптеп, ұлттық өнерді ұлықтауға арналған аймақтық жас ақындар айтысы өтті. «Еңбегім саған, елім» деген атаумен ұйымдастырылған бұл рухани кеш көрермен көңілінен шығып, ел мен еңбектің егіз ұғым екенін тағы бір мәрте еске салды.

Шараға қала әкімі Азамат Қапышев арнайы қатысып, жас айтыскерлерге ізгі тілегін арнады. Ол өз сөзінде Республика күнінің мәні – ең алдымен елінің іргесін еңбегімен бекіткен қарапайым халықтың мерейін өсіру екенін атап өтіп, айтыс өнерінің жастарға рух пен жауапкершілік сыйлайтынын айтты.

Қосшы қала мәртебесін алғаннан бері жыл сайын дәстүрге айналған бұл айтыс бүгінде өңірдің мәдени тынысын айқындайтын айтулы оқиғаға айналып үлгерді. Сахна төріне шыққан он екі жас айтыскер өз өнері арқылы халыққа рух сыйлап, елдік пен ерлік, адал еңбек пен отансүйгіштік туралы жүрекжарды жырларын арнады.

Айтыстың тізгінін ұлт мақтанышы, «Алтын домбыра» иегері Еркебұлан Қайназар ұстады. Қазылар алқасы құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Шалдыбеков, ақын, ғалым Әсем Ережеқызы және белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлы болды.

Жас толқынның сөз сайысы қызыққа толы өтті. Көрермен көзайымына айналған өткір ойлы ақындардың арасынан бас жүлдені Сырым Нығызбаев иеленсе, бірінші орын Мұхтар Қонарбаевқа бұйырды. Нартай Тілеуқұл мен Нәрия Ақбабақызы екінші орыннан көрінді, ал Берденбек Мырзат, Нұрмахан Жақыпбек және Таңжарық Ержан үшінші орынды бөлісті. Қалған жас ақындар да өз өнерлерімен көрермен ықыласына бөленіп, ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Қосшы төрінде өткен бұл айтыс тыңдарманға рухани серпіліс сыйлап қана қоймай, еңбектің қадірін, сөздің қасиетін, елдік сана мен азаматтық рухтың биіктігін тағы бір мәрте айғақтап берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында Республика күні аталып өтті

Көкшетауда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 50-ден астам ақмолалық мемлекеттік...

Бурабайдағы атышулы іс: Кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен күдіктілер жазадан құтылып бара ма?

Ақмола облысының Бурабай ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты қозғалған қылмыстық іс бірнеше айдан бері тоқтап тұр. Тергеу баяу жүріп,...

«Астық бар, ал нарық жоқ»: Ақмолалық диқандар рекордты өнім жинап, өткізу дағдарысына тап болды

Ақмола облысы биыл соңғы онжылдықтағы ең сәтті егін науқанын қорытындылады. Атбасар ауданын қоса алғанда, өңір диқандары 7,2 млн тоннадан...

«Степняк су» басшысы Жақсылық Азнабаев 44 миллион теңге мәселесінде басшылықпен келіспеді

Ақмола облысының Степняк қаласында коммуналдық кәсіпорын төңірегінде шу шықты. «Степняк су» мекемесінің директоры Жақсылық Азнабаевқа түскен 44 миллион теңгені...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ит еті жөніндегі дау: Ақмола облысы ветеринарлары не дейді?

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпараттық арналарда Ақмола облысында ит етін пайдалану жөнінде тараған деректер қоғамда үлкен резонанс...

Ақмола облысында орманшыны сабағандар емес, өзі айыпты болған іс ақыры әділ шешімін тапты

Ақылбай орманшылығында жұмыс істейтін Азамат Төлебаевты апелляциялық сот толық ақтап шықты. Соттың бұл шешімі жеті айдан бері жалғасып келе...

Оқу керек

Ақмола облысында Республика күні аталып өтті

Көкшетауда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында...

Бурабайдағы атышулы іс: Кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен күдіктілер жазадан құтылып бара ма?

Ақмола облысының Бурабай ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты қозғалған...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған