spot_img
ҚоғамБурабайдағы атышулы іс: Кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен күдіктілер...

Бурабайдағы атышулы іс: Кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен күдіктілер жазадан құтылып бара ма?

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Бурабай ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты қозғалған қылмыстық іс бірнеше айдан бері тоқтап тұр. Тергеу баяу жүріп, күдіктілердің бірі — бұрынғы полицей — жазадан сытылып кетуі мүмкін деген күдік күшейді, деп хабарлайды Nayzakokshe.kz тілшісі Esilnews.kz cілтеме жасап.

Іс қалай басталды

Бұл іс 2025 жылдың наурыз айында Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Тергеу барысында екі күдікті анықталған. Алайда уақыт өте келе жағдай күрт өзгерді:

  • Бір күдіктіге қатысты іс толықтай тоқтатылған;

  • Ал екіншісінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабы (Кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынас) бойынша емес, 121-1-бапқа («16 жасқа толмаған адамға жыныстық сипаттағы тиісу») жеңілдетіліп қайта сараланған.

Бұл бап бойынша ең ауыр жаза — айыппұл, түзеу жұмыстары немесе 50 тәулікке дейін қамау.

Ата-ананың үміті мен прокурордың уәдесі

Қыздың ата-анасы мен олардың адвокаты 2025 жылдың шілдесінде Ақмола облысының прокурорымен кездескен. Сол кезде прокурор істің міндетті түрде сотқа жіберілетінін уәде еткен.

Бірақ арада айлар өтсе де, істі полиция департаменті сотқа жолдамаған. Керісінше, тергеу созылып, іс тоқтап қалған.

Күдіктілердің бірі — бұрынғы полицей

Жәбірленуші тараптың айтуынша, күдіктілердің бірі — полиция органдарының бұрынғы қызметкері.

Сол себепті, олар «бұрынғы әріптесін» қорғауға тырысып отыр деген пікір қалыптасқан.

Тергеу барысындағы өрескел әрекеттер

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қызды тергеген тергеуші оған қорлайтын және орынсыз сұрақтар қойған.

Салдарынан жасөспірім өзіне кінә артып, терең психологиялық күйзеліске түскен.

Ең бастысы — істің мәні өзгермейді

Заңгерлердің айтуынша, бұл жағдайда басты мәселе — қылмыстың жеңілдетіліп жіберілуі.

Өйткені кәмелетке толмаған қызбен манипуляция, алдау немесе күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түсу — бұл 122-бап емес, 120-бап, яғни кәмелетке толмағанды зорлау саналады.

Мұндай әрекет үшін заң бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қоғамдық сұрақ: әділдік қашан орнайды?

Қазір қоғамда басты сұрақ туындап отыр — Не себепті іс тоқтатылды? Кім қорғап отыр күдіктілерді?

Бұл сұрақтарға Ақмола облысының прокуратурасы мен Полиция департаменті нақты жауап беруі тиіс.

Өйткені мұндай істерді жабу — тек бір отбасының емес, қоғамның әділетке деген сенімін жою.

Ескерту: Бұл ақпарат @nemolchikz_official парақшасында жарияланды. Редакция бұл істің тергелу барысын бақылауда ұстайды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша жазасыз қалу — қоғамның моральдық иммунитетін әлсіретеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында 71 жастағы ер адам 15 жастағы қызды жүкті қылғанын жазған едік.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту...

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы жаңа автокөлік алды

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Аяла» арнайы балалар бақшасына барды. 2025 жылдан бастап бақша ерекше...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Александра Кәрімжанованың 80 жас мерейтойы атап өтілді

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Александра Кәрімжанованы 80...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған