ҚоғамАуылға үмітпен келген мұғалімнің тағдыры неге осылай аяқталды?

Ауылға үмітпен келген мұғалімнің тағдыры неге осылай аяқталды?

-

- Advertisment -spot_img

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ауылдық жерлерді білікті кадрлармен қамтуға, жас мамандарды қолдауға бағытталған. Осы бағдарлама аясында Зеренді ауданының Бәйтерек ауылына (бұрынғы Подлесное) педагог Әлемгүл Жүсіпова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жұбайы Тұрлыбек қоныс аударған еді. Жас отбасы несие рәсімдеп, көлік алып, облыс орталығына жақын ауылда тұрақты еңбек етіп, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруды мақсат тұтты. Алайда бұл үміт ақталмады.

Мектепке жаңа директор тағайындалғаннан кейін жас мамандарға қатысты түсініспеушіліктер туындаған. Музыка пәнінен шектеулі сағат үшін төленетін 52 мың теңге көлеміндегі жалақының өзі дауға себеп болып, жағдай кәсіби шеңберден шығып, жеке сипат ала бастағаны айтылады. Ерекше алаңдататыны – педагогтың кәмелетке толмаған баласына қатысты буллинг фактілерінің орын алуы. Баланың психологиялық соққы алып, медициналық мекемеге жүгінуі – білім беру ұйымы үшін жол берілмейтін жағдай.

Кейіннен моральдық қысым Әлемгүл Жүсіпованың өзіне де әсер еткен. Педагогикалық ұжым алдындағы жария ескертулер мен жүйелі қысым салдарынан ұстаздың денсаулығы күрт нашарлаған. Мектеп басшысының кабинетінде есінен танып құлаған мұғалімге ауыр диагноз қойылып, ол қазіргі таңда мүгедек арбасына таңылған. Осы кезеңде жұбайы Тұрлыбек барлық сот және емдеу процестерінде жұбайына қолдау көрсетіп келеді.

Редакция аталған жайтқа байланысты Зеренді аудандық білім бөліміне ресми сауал жолдады. Ведомствоның хабарлауынша, мұғалім Ә.Жүсіпованың өтініші заңнамада белгіленген тәртіппен қаралған. Арнайы қызметтік тексеріс жүргізіліп, мектеп директорына педагогикалық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланған.

Алайда ресми жауапта баланың буллингі мен педагогке қатысты моббинг мәселесіне жан-жақты құқықтық баға берілмеген. Қоғамда алаңдаушылық тудырып отырғаны да осы – бір отбасының тағдырына ауыр зардап әкелген жағдай тек тәртіптік жазамен шектелуі орынды ма деген сауал.

Айта кету керек, бір айға жуық ауыр жағдайда жатқан мұғалімнен кешірім сұрау немесе адамгершілік тұрғыда қолдау көрсету әрекеттері болмағаны да айтылуда. Бұл жағдай жеке бір мектептің шеңберінен шығып, білім беру жүйесіндегі басқару мәдениеті мен жауапкершілік деңгейіне қатысты мәселе көтеріп отыр.

Білім беру ұйымдары – тек оқыту орны ғана емес, қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыруға міндетті мекеме. Егер мұғалім өзін қорғалмаған сезінсе, ал бала буллингке ұшыраса, мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылға келген жас кадрлардың сенімі де сөніп қалуы мүмкін.

Қазіргі таңда іс сотта қаралуда. Тараптар арасындағы даудың құқықтық нүктесін сот қояры анық. Дегенмен бұл оқиға білім саласындағы әдеп, жауапкершілік және баланың құқығын қорғау мәселелерін қайта қараудың өзектілігін көрсетіп отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nayza Kokshe (@nayza_kokshe)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен өткен вакцинация штабының отырысы...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында құрамында «көңілді газ» деп аталатын азот оксиді бар заты бар...

Астанада жеке кәсіпкер өз банк шотын қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дропперлік — яғни банктік шоттарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 2025 жылы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты. Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру...

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары...

Оқу керек

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды....
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған