Жағымды жаңалықтарҚамқор қоғам – берекелі өмірдің кепілі

Қамқор қоғам – берекелі өмірдің кепілі

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында әлеуметтік қолдау саясаты жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды, аз қамтылған отбасыларды қорғау – өңірдің әлеуметтік саясатының басты бағыты.

Басқарма басшысы Шолпан Рахматуллинаның мәліметінше, қоғамдағы әлсіз топтарды қорғау мен олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар дәйекті түрде іске асырылып келеді.

Қамқорлық айлығы – ізгі дәстүр жалғасы

Дәстүрге айналған қазан айындағы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау айлығы биыл да жоғары деңгейде өтті.

Айлық аясында 81 мыңға жуық адам қамтылып, жалпы 1 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен егде жастағы азаматтардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.

Мысалы, 35 мың зейнеткерге 413 млн теңге біржолғы көмек төленсе, 1 200-ге жуық адамға санаторий-курорттық емделу шығындары өтелді.

Бұл шараның басты мақсаты – аға буынның өмір сапасын арттыру және сауықтыру қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының 31 мың зейнеткері қоғамдық көлікте тегін қатынау құқығына ие болды. Жергілікті бюджет есебінен 910 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Айлық барысында 900-ге жуық кәсіпкер демеушілік жасап, әлеуметтік қолдау шараларына белсене атсалысқан.

Жалпы, 2,4 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 54 мыңнан астам адам қамтылды.
Бұл – өңір тұрғындарының белсенді өмірлік ұстанымын көрсететін айқын дәлел.

Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғам назарында

Бүгінде Ақмола облысында 29 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады.
Олардың құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында 46 әлеуметтік қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді, оның 29-ы мемлекеттік, 17-сі жеке секторға тиесілі.

Биылдың өзінде 13 мыңнан астам адам әртүрлі оңалту құралдармен және қызметтермен қамтылған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 430 млн теңге қаражат бөлінген.

Қазан айындағы Мүгедектер күніне орай барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтарға және балаларға 300 млн теңгеден астам көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жасалған.

Жұмыспен қамту – басты басымдық

Басқарма басшысы Шолпан Рахматуллинаның айтуынша, ағымдағы жылы облыста 31 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Бұл көрсеткіш өңірдің еңбек нарығындағы белсенділіктің артқанын дәлелдейді.
Ұлттық жобалар мен салалық концепциялар аясында 4,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Қазіргі таңда облыстағы жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық – 2,6%. Бұл көрсеткіштер республикалық орташа деңгейден төмен.

Жұмыс берушілермен бірлескен жобалар нәтижесінде «Күміс жас», «Жастар практикасы» және субсидияланатын жұмыс орындары тиімді жүзеге асуда.

Мәселен, 50 жастан асқан азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасы бойынша 313 адам, ал жастар практикасы арқылы 571 жас маман алғашқы еңбек тәжірибесін алған.

Кедейлікпен күрес және атаулы әлеуметтік көмек

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бастап Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жүйесі жетілдірілді. Соңғы жеті жылда АӘК алушылар саны 9,9 мың отбасынан 1,8 мыңға дейін азайған. Бұл – еңбекке қабілетті азаматтардың белсенділігі мен мемлекеттің нақты қолдауының нәтижесі.

2025 жылдың басынан бері 6 281 өтініш қабылданып, 1 475 отбасы (6 814 адам) көмек алған. Оның ішінде 539 көпбалалы отбасы, 42 мүмкіндігі шектеулі адам және 935 бала күтімімен айналысатын азамат бар. Жалпы төлем сомасы 709,7 млн теңгені құрады.

Әлеуметтік келісімшарт шеңберінде 152 адам еңбекке тартылып, оның 115-і тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бұл – әлеуметтік саясаттың тиімділігін дәлелдейтін нақты көрсеткіш.

Қандастарға қолдау – рухани жаңғыру көрінісі

Биыл облыста 390 отбасы (668 адам) қандас мәртебесін алды. Көшуге байланысты 66 млн теңге субсидия төленіп, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге 5 млн теңге өтемақы берілген. Сонымен қатар, 59 отбасы 230 млн теңге сомасында еңбек мобильдігі сертификаттары арқылы тұрғын үй сатып алған.

Көші-қон саясаты аясында қандастар үшін «Ашық есік күндері» тұрақты түрде өткізіліп, олардың бейімделуіне жан-жақты жағдай жасалуда.

Түйін

Ақмола облысының әлеуметтік саясаты – адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың үлгісі. Негізгі мақсат – азаматтардың өмір сапасын арттыру, еңбекке ынталандыру және қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндік жасау.

Жүйелі жұмыстың нәтижесінде өңірде жұмыспен қамту, әлеуметтік әділеттілік пен қамқорлық мәдениеті қалыптасқан. Бұл – мемлекеттің стратегиялық мақсатына, яғни әлеуметтік әділетті қоғам құруға бастайтын сенімді қадам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен өткен вакцинация штабының отырысы...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында құрамында «көңілді газ» деп аталатын азот оксиді бар заты бар...

Астанада жеке кәсіпкер өз банк шотын қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дропперлік — яғни банктік шоттарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 2025 жылы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты. Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру...

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары...

Оқу керек

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды....
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған