spot_img
Жағымды жаңалықтар«Алқабилер соты – қоғамның әділетке деген сенімін айқындайтын институт»...

«Алқабилер соты – қоғамның әділетке деген сенімін айқындайтын институт» – Ибрагим Әлкенов

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстандағы алқабилер соты соңғы жылдары қоғам назарын өзіне жиі аударып жүр. Азаматтардың сот төрелігіне қатысуы, шешім қабылдаудың ашықтығы мен әділдігі – құқықтық мемлекеттің маңызды көрсеткіші. Ал бұл институттың қалай жұмыс істейтіні туралы Ақмола облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ибрагим Әлкенов егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

– Ибрагим Ерланұлы, алқабилер соты институты қашан қалыптасты және бүгін қалай жұмыс істейді?

– Алқабилер институтының тамыры тереңде. Қазақ тарихында билер дауларды халықпен бірге талқылап, әділ шешім шығаратын. Ал қазіргі үлгі ресми түрде 2007 жылы қайта енгізілді.

Бүгінде алқа 10 негізгі және 2 қосалқы биден тұрады. Олар судьямен бірге кеңес бөлмесіне өтіп, айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтайды. Егер айыптау шешімі қабылданса, жазаны белгілеуге де қатысады.

Ең маңыздысы – бізде аралас модель: судья да, билер де тең дауысқа ие.

– Алқабилер сотының жұмысын реттейтін қандай заңдар бар?
– Бұл сала «Алқабилер туралы» Заңмен және Қылмыстық-процессуалдық кодекспен реттеледі.

– Кім алқа би бола алады?

– 25 жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы би бола алады, бірақ белгілі бір шектеулер бар. Мәселен, соттылығы барлар, құқық қорғау қызметкерлері, судьялар, адвокаттар, әрекетке қабілетсіз деп танылғандар және психикалық немесе мінез-құлықтық ауытқуы бар азаматтар қатыса алмайды.

Сонымен бірге тіл білмеу, денсаулыққа байланысты қиындықтар немесе 65 жастан асу би болудан бас тартуға негіз болады. Ал діни қызметкерлер заңмен босатылады.

– Алқабилер тізімі қалай жасалады?

– Бұрынғыдай қолмен тізім жасалмайды. Бұл процесті SMART DATA UKIMET жүйесі автоматты түрде орындайды. Сот сұрау жолдайды, жүйе заң талаптарына сәйкес келетін азаматтарды өзі іріктеп береді. Әдетте 300 адам сұралады, нақты отырысқа 70–80 адам келіп, жабық іріктеуден өтеді.

– Алқабилердің қауіпсіздігі қалай қорғалады?

– Заң билердің тәуелсіздігін судьялармен тең дәрежеде бекітеді. Билердің өздері, олардың туыстары мен мүлкі мемлекет қорғауында. Егер қандай да бір қауіп төнсе, тиісті органдар дереу қорғаныс шараларын қабылдауы тиіс.

– Алқабилерге жауапкершілік қарастырыла ма?

– Әрине. Егер би сотқа негізсіз келмесе, Әкімшілік кодекстің 655-бабы бойынша ескерту немесе 10 МРП көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

– Шешім қабылдау процесі қалай өтеді?

– Талқылау аяқталғаннан кейін судья мен билер кеңес бөлмесіне кіреді. Дауыс беру – құпия, жазбаша түрде. Судьяның дауысы мен билердің дауысы тең. Әр сұраққа жеке бюллетень толтырылады: «иә, дәлелденді», «жоқ, дәлелденген жоқ», «иә, кінәлі» және тағы басқалары.

Талқылау қанша уақыт қажет болса, сонша жалғасады. Мәселе толық зерттеліп, әділ шешім қабылдануы тиіс.

– Алқабилерге еңбекақы қалай төленеді?

– Мемлекет би ретінде күн сайын қатысқан уақытты өтейді. Төлем аудандық сот судьясының бастапқы айлық жалақысының жартысынан есептеледі – айына шамамен 270 мың теңге. Ең бастысы – олардың негізгі жұмыс орны сақталады және еңбек өтілі үзілмейді.

– Неге айыпталушылар жиі алқабилер сотын таңдайды?

– Себебі алқа билер сотында адамның бұрынғы соттылығы, жеке мінезі немесе денсаулық жайы шешімге әсер етпейді. Яғни алдын ала көзқарас болмайды.

Сонымен қатар қамауға алу, жәбірленушіні мәжбүрлеп әкелу, тергеу қысымы туралы шағымдар билердің қатысуымен қаралмайды. Бұл процестің ашықтығын арттырып, әділдікке деген сенімді күшейтеді.

– Қоғам алқабилер соты туралы не білуі керек?

– Алқабилерді іріктеу – оңай үрдіс емес. Көпшілік оны фильмдердегі көрініспен шатастырады. Шын мәнінде, соттағы әрбір шешім – үлкен жауапкершілік.

Алқабилер соты – жай формалдық емес, халықтың сот төрелігіне тікелей қатысуының маңызды құралы. Ол әрбір қатысушы заңды, бейтараптықты және әділдікті қатаң сақтағанда ғана өз функциясын атқара алады.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбатты жазып алған журналист Аслан Оспанов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту...

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы жаңа автокөлік алды

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Аяла» арнайы балалар бақшасына барды. 2025 жылдан бастап бақша ерекше...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Александра Кәрімжанованың 80 жас мерейтойы атап өтілді

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Александра Кәрімжанованы 80...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған