ЭкономикаАқмола облысы жаңартылатын энергия көздері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда

Ақмола облысы жаңартылатын энергия көздері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр. Бүгінде өңір жыл сайын 524 мВт көлемінде жасыл энергия өндіреді.

«Орталық Азия – Қытай» II индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қытайдың бірқатар мемлекеттік компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында өзара серіктестік пен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, өңір басшысы жел генераторларын өндіру және жел электр станцияларын салу саласына маманданған Windey Energy Technology Ltd. Co компаниясының басшылығымен келіссөз жүргізді. Тараптар өңір аумағында жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды. Қытайлық тарап Аршалы ауданында турбиналар орнатылғанын және жобаны кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Қазіргі уақытта өндірісті жергіліктендіру, желіге қосылу және техникалық тораптарды анықтау мәселелері пысықталуда. Жақын арада тараптар Аршалы және Ерейментау аудандарындағы әлеуетті алаңдарды егжей-тегжейлі зерделемек.

Марат Ахметжанов Ақмола облысы жобаны іске асыруға қажетті барлық жағдайды жасауға, соның ішінде инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, сүйемелдеу және жүйелік операторлармен өзара іс-қимыл орнатуға дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ облыс әкімі Қытайдың дәстүрлі және баламалы энергетика саласындағы ірі өндірушілерінің бірі – State Power Investment Corporation компаниясының басшылығымен кездесті. Делегацияны Shanghai Electric Power Co., Ltd. компаниясының бас директоры және SPIC-тің халықаралық жобалар жөніндегі директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Чэнь бастап келді.

Келіссөз барысында тараптар республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы аумағында өндірістік қуаттар мен қосалқы бөлшектер өндірісін жергіліктендіру бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Аталған аймақ елордаға іргелес орналасқан және қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.

Өңір басшысы Ақмола облысында тұрақты энергетика бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінгі күні облыста жалпы құны 284 млрд теңгені құрайтын жаңартылатын энергия көздері бойынша 17 жоба жүзеге асырылған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы электр энергиясы өндірісінде жаңартылатын көздердің үлесі 78,5 пайызды құрады. Ал 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстың республикадағы «жасыл» экономиканы дамытуға қосқан үлесі 30 пайызға жетті.

Айта кетейік, жүргізілген зерттеулерге сәйкес өңірдегі желдің орташа жылдамдығы секундына 7–12 метрді құрайды, бұл жел электр станциялары үшін оңтайлы көрсеткіш болып саналады.

Қытайлық делегация SPIC компаниясының қатысуымен Ақмола облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық білдіріп, өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуалды және ұзақмерзімді серіктестікке әзірлікті атап өтті.

Shanghai Electric Power Co., Ltd. компаниясының бас директоры Хуан Чэнь Қытай тарапы үшін Қазақстан энергетика саласындағы сыртқы ынтымақтастықтың басым бағыты болып саналатынын ерекше атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс топтарын құру және инвестицияларды қорғау туралы келісім жобасын дайындау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өңір әкімі мұндай жобаларды жүзеге асыру мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға, өндіріс көлемін арттыруға және облыстың экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында құрамында «көңілді газ» деп аталатын азот оксиді бар заты бар...

Астанада жеке кәсіпкер өз банк шотын қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дропперлік — яғни банктік шоттарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 2025 жылы...

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты. Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары...

Бурабайда қаржы жымқыру дерегі тергелуде

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы курорттық аймақта кәсіпкерлік құрылымдардың бірінде ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бурабай аудандық...

Оқу керек

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған