Лирикалық комедия жанрына құрылған спектаклдің авторы жазушы, драматург Бақытбек Қадыр, қоюшы режиссері Жұлдызбек Жұманбай.
Қосшы-ізгілік пен жақсылықтың қаласы. Спектаклде ізгі қала тұрғындарының басынан өткерген түрлі оқиғары, еліміздің түкпір-түкпірінен көшіп келген қалалық, далалық адамдардың Қосшыда тоғысқан өмірі, ментальдық ерекшеліктері суреттеледі. Әр өңірден келген адамдардың көршілік қатынасы, урбанизация әсерінен адами байланыстардың үзілуі, кейін күтпеген оқиға салдарынан олардың бірігіп, шынайы достық пен түсіністік орнатуы көркем бейнеленген. Береке, бірлік пен тату көршіліктің қадірі айрықша сипатталады.
Қосшылықтар 2021 жылы 26 шілдеде қалалық болып оянған. Сол күннен бастап олардың өмірі әппақ парақтан басталған. Ал осы бес жылға жуық уақытта сол ақ параққа қаншама ізгі дүниелер мен жақсылықтар жазылғанын осы спектаклден көре аласыздар.
«Qosshy» ойын-сауық театры баршаңызды 2025 жылдың 28 қарашасы күні кешкі сағат 18.00. де Қосшы қаласы қоғамдық мәдени спорт кешенінде күтеді.
Естеріңізге салсақ, биыл шілде айында Қосшы мәдениет үйінің жанынан «Qosshy» ойын-сауық театры өз жұмысын бастаған болатын.




