Италияның Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық робототехника жарысында Қазақстан намысын қорғаған Қосшы қаласының «Jana Beles» балаларды дамыту орталығы айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Команда 3 кг SUMO санаты бойынша бірінші орынды жеңіп алып, еліміздің инженерлік ойлау деңгейін әлемдік аренада тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл жеңіс – жас мамандардың табандылығы мен техникалық ұқыптылығының, сондай-ақ тыңғылықты дайындықтың нәтижесі. Қатысушылар ISSAYEV TIMUR, DINMUKHAMMED YELES және олардың жаттықтырушысы DANIAL MUSAHKMET Қазақстан құрамасының қатарында өнер көрсетіп, Ақмола облысының намысын абыроймен қорғады.
Халықаралық додаға қатысу – тек бәсекеге түсумен шектелмей, жаңа білім игеру, әлемдік тәжірибемен алмасу мүмкіндігі. «Jana Beles» орталығының бұл табысы жастардың инженерия саласына қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Жасөспірімдердің ғылыми-техникалық бағыттағы жетістіктері алдағы уақытта еліміздің инновациялық әлеуетін дамытуға үлес қосары сөзсіз.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға жаңа белестер мен ғылым жолындағы жарқын жетістіктер тілейміз.




