Жағымды жаңалықтарНаурыз мерекесі қарсаңында Бурабай ауданының тұрғындары пәтерлі болды

Наурыз мерекесі қарсаңында Бурабай ауданының тұрғындары пәтерлі болды

-

- Advertisment -spot_img

Щучинск қаласында әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға 47 пәтердің кілті табысталды. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.

Тұрғын үйлер әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды қолжетімді әрі жайлы баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат аясында берілді. Пәтер алғандардың қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар және тұрғын үй кезегінде тұрған өзге де азаматтар бар.

Өңір басшысы тұрғындарды баспанамен қамту әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгін 47 отбасы үшін маңызды күн. Олар жай ғана пәтер емес, жаңа әрі жайлы өмір бастау мүмкіндігіне ие болып отыр. Әлеуметтік қолдау жаңа Конституцияда ерекше атап өтілген. Мемлекеттік көмекпен мұқтаж жандарды қолдау – біздің басты міндетіміз, әсіресе тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесінде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, ал әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үй көлемі жыл сайын арта береді. Бүгінге дейін Бурабай ауданында 85 отбасына пәтер кілті табысталды, жыл соңына дейін тағы 100-ден астам бурабайлық баспаналы болады», – деді Марат Ахметжанов.

Щучинск қаласының тұрғындарына 42 пәтер «Altyn Tau» тұрғын үй кешенінен берілді. Бұл – қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, абаттандырылған аумағы бар заманауи көпқабатты тұрғын үй. Пәтер алғандардың қатарында мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған Темірбековтер отбасы да бар.

«Көпшілігіміз үшін бұл – көптен күткен қуанышты сәт. Біз бұл күнге бірнеше жыл бойы жеттік. Пәтер алу арманымыз орындалып, енді балаларымыз үшін жылы да жайлы өз үйіміз бар», – деді Алия Темирбекова.

Сонымен қатар 4 пәтер Қатаркөл ауылы мен Бурабай кентіндегі кезекте тұрған азаматтарға берілді, ал Щучинск қаласынан бір отбасы «Алтын-2» тұрғын үй кешенінен баспана алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Щучинск қаласында ұзақ жасаған қарияны құттықтады

Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Щучинск қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қызмет...

Қатаркөл ауылының тұрғындары Наурызды жаңа Мәдениет үйінде қарсы алады

Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Қатаркөл ауылындағы Мәдениет үйін аралап көрді. Жаңа екі қабатты Мәдениет үйі...

Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді

Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр....

Қосшы қаласында су тасқынына қарсы шаралар талқыланды

Өңір басшысы мен жедел штаб Қосшы қаласындағы проблемалық учаскелерге барып, су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін талқылады. Қаланың ахуалы туралы қала...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ұлттық рекорд: Көкшетауда «Бес асық» ойыны бойынша ауқымды шара өтті

2026 жылғы 17 наурызда Көкшетау қаласындағы Теннис орталығында ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Мәдени кодты сақтау аясында...

Көкшетауда «Қыз ғұмырдың құпиялары» байқауы өтті

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» КММ сахнасында Наурыз мерекесі тек концерттер мен халықтық ойын-сауықпен ғана шектелмей, «Қыз ғұмырдың құпиялары» атты байқаумен...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Щучинск қаласында ұзақ жасаған қарияны құттықтады

Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат...

Қатаркөл ауылының тұрғындары Наурызды жаңа Мәдениет үйінде қарсы алады

Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған