Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары кезінде Косшы қаласында тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты.
Өңір басшысы газбен жабдықтау жүйелерін орнату, қауіпсіздік шараларын сақтау және жұмыстардың мерзімін ұйымдастыру мәселелері бойынша жергілікті мамандармен пікір алмасты.
Қала тұрғындары мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылығын білдіріп, газдың берілуі күнделікті тұрмысты айтарлықтай жеңілдеткенін атап өтті.
Газбен қамтамасыз ету жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілуде.




