ҚоғамКөкшетауда Қылшақты өзеніндегі көпір құлағалы тұр. Үстінде балалар ойнап...

Көкшетауда Қылшақты өзеніндегі көпір құлағалы тұр. Үстінде балалар ойнап жүр

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетауда Қылшақты өзенінің «Аққу» балабақшасы тұсындағы көпір апаттық жағдайда тұр, деп хабарлайды Esilnews.kz сайты.

Көпірдің цемент тіректері опырылып, орнынан жылжып кеткен. Орта тұсындағы тіректері мүлдем жоқ, көпір бір жағына жантайып барады. Бір сөзбен айтқанда, көпір жанынан тартылған су құбырына әрең тіреліп тұр.

Ең қорыныштысы, сол апатты жағдайда тұрған көпірдің үстінде балалар ойнап жүр. Қауіпсіздік белгілері мүлдем жоқ.

Есесіне сол маңда «Абайлаңыз жұқа мұз» деген ескерту белгісі орнатылған. Шілденің шіліңгір ыстығында қандай мұз? Құлағалы тұрған көпірдің апатты жағдайда тұрғанын ескертетін белгінің қойылмағандығы қала әкімдігінің жауапсыздығы әлде салғырттығы деуге бола ма?

Дегенмен, тұрғындар балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр.

«Күнде кешілік уақытта өзеннің жағасымен серуендеймін. Үнемі көпірдің үстінде ойнап жүрген балаларды көремін. Қараңғы уақытта көпірге жастар шығып суретке түсіп жатады. Тіпті, кейбіреулер астында балық аулап отырады. Бетін аулақ қылсын, зілтемірден жасалған көпір құлап кетсе, адамдарды басып қалуы әбден мүмкін», — дейді қала тұрғыны Шынар Еркебұлан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен өткен вакцинация штабының отырысы...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында құрамында «көңілді газ» деп аталатын азот оксиді бар заты бар...

Астанада жеке кәсіпкер өз банк шотын қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дропперлік — яғни банктік шоттарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 2025 жылы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты. Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру...

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары...

Оқу керек

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды....
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған