ҚоғамКөкшетаудағы педагогикалық колледжде 285,7 миллион теңгенің заңсыз түрде қолма-қол...

Көкшетаудағы педагогикалық колледжде 285,7 миллион теңгенің заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған

-

- Advertisment -spot_img

Жуырда жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қоғамды селт еткізді. Ақмола облысындағы бірқатар колледждерде анықталған заңсыздықтар мен жемқорлық деректері ел ертеңіне балта шабатын ауыр қылмыс екенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Nayzakokshe.kz.

Бұл туралы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының директоры Игорь Плюснин мәлімдеді. Ол бұл деректерді Тексеру комиссиясы жүргізген мемлекеттік аудит қорытындысына сүйеніп айтып отыр.

Атап айтқанда, Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 285,7 миллион теңге заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған. Таң қаларлығы – бұл соманы ресми құжаттарда түрлі айламен жасыруға тырысқан. Мәселен, бухгалтерлік құжаттарда 3 миллион теңге 3000 теңге ретінде, ал 2 миллион теңге 2000 теңге ретінде көрсетілген. Бұл – жай ғана қателік емес, жүйелі түрде ұйымдастырылған қаржылық қылмыс.

«Қаражатты жымқыруды жасыру үшін құжаттар қолдан жасалған, кейбір сомалар бойынша жалған «тәркілеу» актілері жасалған», – дейді Игорь Плюснин.

Ол атап өткендей, бұл әрекеттер құқық қорғау органдары мен қоғам тарапынан жедел әрекет етуді талап етеді.

Заңсыз жалға беру – пайда табудың жаңа жолы

Тексеріс кезінде колледждің оқу бөлмелері мен жабдықтарының жеке тұлғаларға шартсыз әрі ақысыз жалға берілгені белгілі болды. Осылайша, мемлекеттік мүлік арқылы пайда көргендер бюджетке 2,9 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Тағы бір шым-шытырық жайт – сол «арендаторлар» колледжде ресми қызметкер ретінде тіркеліп, жалақы алып отырған. Ал оқу орнында «жалған аспаздар мен тазалықшылар» штатты көбейту арқылы қосымша ақша «игерілген».

Қолма-қол ақша – қалтаға, ал білім – екінші орынға

Аудит көрсеткендей, 30 миллион теңге көлемінде жалған жалақы қарызы пайда болған. Ал колледж мұғалімдерінің біріне заңсыз 10 миллион теңге аванс беріліп, бұл қаражат қайтарылмаған.

Ең сорақысы – аталмыш оқу орнының директоры мен бас бухгалтері – жақын туыс. Демек, бұл жерде әңгіме кездейсоқ олқылықтар емес, отбасылық жемқорлық жүйесі жайлы болып отыр.

«Бұл тек есептер мен сандар ғана емес – бұл студенттердің болашағынан ұрланған үміт. Ата-аналар маңдай терімен тапқан қаражатты балаларын оқытсын деп сеніп тапсырса, кейбір басшылар оны қалтасына басып, білімді бизнеске айналдырған. Біз бүгін барша құзырлы органдардан нақты әрекет күтеміз», – деп қосты Игорь Плюснин.

Ол бұл іске экономикалық тергеп-тексеру департаменті, ҚР Бас прокуратурасы, Оқу-ағарту министрлігі, Мемлекет басшысының әкімшілігі дереу араласу керектігін айтады.

Жемқорлық жазасыз қалмауы тиіс

Егер бұл деректер жабылып, кінәлілер жазаланбаса – ертең дәл осындай жағдай өзге колледждерде де қайталануы мүмкін. Бұл оқиға – билікке берілген үлкен сынақ. Мемлекет жастардың болашағын қорғауға қауқарлы ма? Әлде, жемқорлық жайлаған жүйе жеңіп кете ме?

«Бүгін ата-аналар мен студенттер әділет талап етіп отыр. Қоғам үн қатты – жауап беретін уақыт келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жайсыз ахуалға назар аударуы қажет», – деп түйіндеді қоғам белсендісі.

Түйін

Білім саласындағы жемқорлық – ел болашағына қарсы жасалған қылмыс. Бұл – жай қаржылық бұрмалаушылық емес, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен өткен вакцинация штабының отырысы...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда....

Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні «көңілді» газ бар баллондарымен ұстады

Патрульдік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аяында құрамында «көңілді газ» деп аталатын азот оксиді бар заты бар...

Астанада жеке кәсіпкер өз банк шотын қолданғаны үшін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды

Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері дропперлік — яғни банктік шоттарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 2025 жылы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты. Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру...

Ақмола облысында заңсыз алтын өңдеу цехы әшкереленді

Ақмола облысында полицейлер құрамында алтын бар материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын өндіріс орнын анықтап, оның қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары...

Оқу керек

Ақмола облысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау...

Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған такси жүргізушісін ұстады

Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды....
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған