15–20 ақпан күндері Жезказган қаласында 20 жасқа дейінгі қыздар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа еліміздің 34 мықты шахматшысы қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, тартысты бәсекеде бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының спортшысы Камарова Жанбота 9 мүмкін ұпайдың 7,5 ұпайын жинап, сенімді түрде І орынды иеленді.
Бұл жеңіс Жанботаға алтын медальмен қатар, Перу елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама берді.





