Полиция қызметкерлері азаматтарға такси таңдағанда өте мұқият болуды сұрайды. Қазіргі уақытта жолдарда жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жеке тасымалдаушылар жиі анықталуда. Мұндай жүргізушілерді анықтау жұмыстары тәртіп сақшыларының ерекше бақылауында. Тек үш күн ішінде жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін 10 жүргізуші жауапқа тартылды.
Осылайша, «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер жергілікті кафелердің бірінің аумағынан шыққан таксидің тану белгілері бар автокөлігіне назар аударды. Қоғамдық көліктер мен таксилердің бақылауда екенін ескере отырып, тексеру туралы шешім қабылданды.
Жүргізушімен қарым-қатынас барысында полиция қызметкерлерінде алкогольдік масаңдыққа күдік туындады, алкогольдің иісі сезілді. Жүргізуші көлік құралын басқарудан дереу шеттетіліп, куәландырудан өту үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған.
Құқық бұзушының өзі мойындағандай, ол такси белгілері бар көліктерді полиция қызметкерлері сирек тоқтатады деп сеніп, тексеруден аулақ болады деп күткен. Алайда бұл пікір қате болып шықты.
Полицейлер бренд пен таксидің тану белгілерінің болуы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтаудан босатпайтынын және тексерулер жүргізуді жоққа шығармайтынын атап өтті. Жолаушылардың қауіпсіздігі-басымдық және кез-келген бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылатын болады.




