Общество019 бағдарламасының қорытындылары: инновациялық тәжірибе фермерлерге зиянкестермен күресуге қалай...

019 бағдарламасының қорытындылары: инновациялық тәжірибе фермерлерге зиянкестермен күресуге қалай көмектеседі

-

- Advertisment -spot_img

Біз А.И. Бараев атындағы АӨК ҒӨО өсімдіктерді қорғау зертханасының ғылыми қызметкері, энтомолог Вера Николаевна Давыдовамен әңгімелестік. Ол 019 бюджеттік бағдарламасы – «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша қызметтер» аясында жүзеге асқан жұмыстарға қатысқан маман. Сұхбат барысында ол шаруашылықтарда өсімдіктерді қорғау жұмыстары неден басталатынын, зиянкестермен күрестің ең тиімді әдістері қандай екенін және қорғау шараларын сауатты жоспарлау болашақ өнімге қалай әсер ететінін айтып берді.

Шаруашылықтарда зиянкес жәндіктерден қорғау жұмысы неден басталды?

Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мәселесі көпшілікті қызықтыратыны заңды. Өнімділікті арттыру – әр фермердің негізгі мақсаты.
Осы жоба аясындағы біздің мақсатымыз – өнімділікті арттыру және зиянды организмдерге, нақты айтқанда жәндік-зиянкестерге қарсы өсімдіктерді кешенді қорғау әдістерін енгізу.

Ағымдағы жылы пилоттық алқаптарда ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріне далалық мониторингтік зерттеулер жүргізілді. Оның мақсаты – жәндіктердің түрлік құрамын анықтау және тіркеу. Зиянкестер мен энтомофагтар жиналып, сәйкестендірілді, өсімдіктердің зақымдану деңгейі бағаланды.
Мониторинг нәтижелері зиянкестердің таралуын дер кезінде анықтауға және қорғау шараларын ұсынуға мүмкіндік берді.

Зиянкестермен күресу шараларын алдын ала жоспарлау қажет пе?

Әрине, қажет. Күрес шаралары зиянкестердің тұрақты және уақытша мекендеу орындарын ескере отырып жоспарлануы тиіс. Көптеген зиянкестер алдымен шабындық шөптерде, орман белдеулерінде көбейіп, кейін мәдени дақылдарға қоныс аударады.
Сондықтан күрес тек жоюшы емес, алдын алу сипатында да болуы керек. Мысалы, көктемгі барьерлік шеттік өңдеуді контактты-ішек әсерлі инсектицидтермен жүргізуге болады.

Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану – зиянкестермен күрестегі маңызды технологиялық әдіс. Ол жағымсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қорғаудың маңызды бағыты – инсектицидтік препараттарды қолдану. Соңғы жылдары фермерлер ресурс үнемдейтін технологияларды игеріп келеді, алайда мұндай жағдайда зиянкес жәндіктердің бір бөлігі топырақта сақталып қалады.

Өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың жалпы қорғау жүйесіндегі рөлі қандай?

Бұл – негізгі рөлдердің бірі. Өнімнің мықты негізін қалап, бірақ зиянкестердің жаппай көбеюіне тосқауыл қоя алмаса, ақырында өнімсіз қалу қаупі бар.
Өсімдіктерді жәндіктерден қорғау – тек инсектицидтерді қолдану емес, сонымен қатар сапалы тұқым материалын пайдалану.

Аграрларға тұқымдарды алдын ала фитосараптамадан өткізу қажеттігіне назар аударғым келеді. Бұл қоздырғыш түрлерін анықтап, протравительді мақсатты түрде таңдауға және өнімнің айтарлықтай жоғалуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Тұқымды өңдеу – маңызды фактор ма?

Иә, бұл – өнімділіктің артуын тежейтін және тұқым сапасын төмендететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктердің бастапқы даму кезеңінде зақымдануы олардың қурап қалуына әкеледі.
Мұның негізгі себебі – әртүрлі фитофагтар. Олардың ішінде ең зияндылары: щелкун қоңыздары, астық шыбындары, көбелектердің дернәсілдері және астық жужелицасы.

Сондықтан тұқымды инсектицидтік және инсектицидті-фунгицидтік препараттармен алдын ала өңдеу – өсімдіктің ерте даму фазаларында зиянкестерден қорғаудың негізгі әдістерінің бірі.

Алдын ала протравливание тұқымға теріс факторлардың әсерін азайтып, өскін кезеңінде қорғаныш қабатын қалыптастырады және өсімдіктің оңтайлы дамуына жағдай жасайды.

Энтомологиялық жағдайдың нашарлау себептері

Соңғы жылдары жұмсақ қыстардың салдарынан энтомологиялық жағдай күрделеніп отыр. Жылы қыстар топырақта қыстайтын зиянкестер үшін қолайлы жағдай жасап, көктемде олардың белсенділігін арттырады.
Сонымен қатар, топырақ өңдеу технологиясының бұзылуы мен ауыспалы егісті сақтамау да мәселені ушықтырады.

Осындай жағдайда тұқымды инсектицидтік компоненті бар препараттармен өңдеу өсімдіктердің жойылуын айтарлықтай азайтып, өнімді сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта пиретроидтар мен неоникотиноидтар негізіндегі препараттар ұсынылды. Олардың жүйелік әсері егісті тиімді қорғап, ұзақ қорғау мерзімі вегетация кезеңіндегі қосымша өңдеу санын азайтады.

Фермерлер жиі қандай зиянкестермен кездеседі?

Ең алдымен – бидай трипсі. Оның саны жыл сайын артып келеді. Бұған бидай монодақылы және инсектицидтік өңдеулердің жеткіліксіздігі себеп.
Сонымен қатар, биылғы ауа райы жағдайлары зығыр трипсінің жаппай көбеюіне ықпал етті.

Көп жағдайда фермерлер тек контактты пиретроидтарды қолданады, алайда олардың тиімділігі төмен. Далалық зерттеулер нәтижесінде әртүрлі әсер етуші заттардың комбинациясын қолданатын препараттар ұсынылды.

Қазіргі таңда шаруашылықтардағы өсімдіктерді қорғау жағдайын қалай бағалайсыз?

Өсімдіктерді қорғау мәселесі шаруашылықтар үшін өте өзекті және тұрақты бақылауды талап етеді.
Дұрыс құрылған қорғау жүйесі – жоғары өнім қалыптастырудың кепілі және салынған инвестициялардың ақталуын қамтамасыз ететін негізгі фактор.

Сондықтан әрбір шаруашылықта зиянды объектілерді анықтау және жою жұмыстары үздіксіз жүргізілуі тиіс.
Ғылым мен өндіріс бірлесіп, нақты секторымен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Последние новости

Копил всю жизнь — лишился за три дня

В городе Степногорске Акмолинской области расследуется уголовное дело по факту крупного интернет-мошенничества. Жертвой преступной схемы стал 80-летний пенсионер, который,...

Косшы снова тревоге. Очередное нападение бродячих собак на ребенка

Это видео прислали в общий чат жители. Написали заявление в полицию о принятии мер. Но изменится ли ситуация? Ответ управления...

Мясной кластер и развитие инвестзон – в фокусе внимания

В Aqmola Invest прошло совещание по вопросам развития мясного животноводства и дальнейшего формирования инвестиционной зоны под председательством акима области...

Крупное уголовное дело о растрате скота на 50 млн тенге расследуется в Акмолинской области

Следователями отдела полиции Целиноградского района расследуется уголовное дело по факту присвоения и растраты скотопоголовья на сумму около 50 миллионов...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Косшы в шоке:на ребенка напали собаки!

С утра социальные сети города Косшы шумят: на ученика гимназии напала свора собак. Счастье, беды удалось избежать. Но когда -...

Водителя зажало в машине после столкновения легковой и КАМАЗ

Жесткое столкновение случилось утром 8 января в Целиноградском районе. Столкнулись большегруз и легковая. Водителя зажало в машине. Пришлось вызывать...

Должен прочитать

Копил всю жизнь — лишился за три дня

В городе Степногорске Акмолинской области расследуется уголовное дело по...

Косшы снова тревоге. Очередное нападение бродячих собак на ребенка

Это видео прислали в общий чат жители. Написали заявление...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Вам также может понравитьсяСВЯЗАННЫЙ
Рекомендованный вам