2026 жылғы 17 наурызда Көкшетау қаласындағы Теннис орталығында ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Мәдени кодты сақтау аясында қала мектептерінің 1500-ге жуық оқушысы «Бес асық» ойынына қатысып, нәтижесінде Қазақстанның рекордтар кітабына ресми көрсеткіш тіркелді.
Ұйымдастырушы – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі. Бастаманың негізгі мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды нығайту және дәстүрлі спорт түрлерін насихаттау. Оқушылардың бір мезетте ойынға қатысуы тарихи жетістікті тіркеуге және өскелең ұрпақтың рухани мұраны сақтау жолындағы бірлігін көрсетуге мүмкіндік берді.




