ОбществоҚазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі...

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДСҰ есебінде атап өтілді

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймағына мүше тоғыз елмен бірге 2025 жылға дейінгі Глобалдық мониторинг жүйесінің мақсаттарына қол жеткізді. Атап айтқанда, инфекциялық емес аурулардан (ИАА) болатын мезгілсіз өлім-жітімді 25%-ға азайту міндеті орындалды. Осылайша, еліміз Орталық Азияда бұл көрсеткішке алғаш жеткен мемлекет болды.

ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының жаңа есебінде Қазақстанның осы саладағы тәжірибесі мен нақты жетістіктері баяндалды. Есеп «Алдын алуға болатын өлім-жітім, қауіп факторлары және ИАА-ға қарсы стратегиялар: Нәтижелерге қол жеткізу үшін деректерді қолдану» деп аталады.

Дер кезінде анықтау мен емдеуге басымдық

Қазақстанда жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы жүйелі жұмыс жүргізілуде. Профилактика, ерте анықтау, емдеу сапасын арттыру және өмір сүру ұзақтығын ұлғайту – басты басымдықтардың қатарында.

ДДСҰ сарапшысы доктор Гундо Вайлердің айтуынша, Қазақстан ИАА-ның негізгі себептерін азайту бағытында тиімді жұмыс жүргізіп келеді.

«Елде инсульт пен жүрек ауруларын емдеуге арналған орталықтар салуға инвестиция салынды. Темекі шегуге қарсы күрес, қантты сусындарды тұтынуды азайту шаралары денсаулыққа оң әсерін беруде», – деді ол.

Кардиологиядағы ілгерілеу

•2017–2024 жылдар аралығында жүрекке жедел көмек көрсетуге арналған катетеризациялық зертханалар саны 31-ден 49-ға дейін артты.

•Инсульт орталықтарының саны – 83. Бұл өлім-жітім мен мүгедектік деңгейін төмендетуге сеп болды.

•Қазақстанда жүрек пен өкпені трансплантациялау сынды күрделі операциялар табысты жүзеге асырылуда.

•2012 жылдан бері 600-ден астам жүрекке арналған вентрикулярлық құрылғылар имплантацияланған.

•2025 жылы елімізде жүзінші жүрек трансплантациясы жасалып, маңызды белеске жетті.

Скрининг пен ерте анықтау

Қазақстан 8 түрлі ауруға скрининг жүргізеді. Олардың қатарында артериялық гипертензия, ишемиялық жүрек ауруы, диабет және бірнеше қатерлі ісік түрлері бар.

•2024 жылы сүт безі және тоқ ішек қатерлі ісіктеріне скринингпен нысаналы топтың 70%-ы қамтылды – бұл рекордтық көрсеткіш.

«2023 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 75,09 жасқа жетті. 2021 жылы 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 9,6 болса, 2023 және 2024 жылдары 6,5-ке дейін төмендеді», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтангазиев.

Жат әдеттермен күрес: темекі мен тәтті сусындар

•Қазақстан темекіге қарсы ТМД кеңістігіндегі ең қатаң саясатты ұстанады:

•қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым;

•шылым қаптамаларындағы ескертулер;

•салықтардың өсуі;

•электронды темекі мен вейптерге толық тыйым.

•Темекі шегушілердің үлесі 20% шамасына дейін төмендеді.

•Қантты сусындарға қарсы шаралар:

•мектептерде сатуға тыйым;

•2024 жылдан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі жастарға сатуға тыйым енгізілді.

Жат әдеттерге қарсы вакцинация және скрининг

•2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан қыз балаларды ВПЧ вирусына қарсы егу кампаниясын бастады.

•2025 жылдың қаңтарына дейін 116 мыңнан астам қыз бала (жоспарланған санның 33,4%-ы) егілді.

Келешек қадамдар

Қазақстан ДДСҰ-мен тығыз жұмысын жалғастыра отырып, ИАА-ның өзге де қауіп факторларына қарсы жұмысын күшейтуді жоспарлап отыр:

•тұзды тұтынуды азайту;

•балаларға арналған зиянды тағамдарды жарнамалауға шектеу;

•ана сүтіне балама өнімдер мен транс майларға қатысты талаптарды жетілдіру.

«Индикаторларға негізделген саясат құру – біздің басты қағидамыз. Қазақстан алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, денсаулық сақтау саласында жаһандық стандарттарға сәйкес дамуды жалғастырады», – деді Тимур Сұлтангазиев

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Последние новости

Золотоизвлекающую фабрику открыли в Астраханском районе

В с. Жалтыр Астраханского района открылась золотоизвлекающая фабрика на базе месторождения «Акбеит». Производство восстановлено ТОО Aina Resources с участием...

В Щучинске пройдет Международный военно-патриотический сбор молодежи «Айбын»

С 21 по 27 июня в городе Щучинске Акмолинской области на базе учебного центра «Амандық» Военного колледжа имени Шокана...

Перспективы развития индустриальных зон Акмолинской области обсудили в Aqmola Invest

На совещании под председательством акима Акмолинской области в Aqmola Invest рассмотрели вопросы развития индустриальных зон республиканского значения AQMOLA и...

В Бурабае усиливают контроль. Результаты совместных рейдов ГНПП и полиции

После официального предупреждения о необходимости соблюдения природоохранного законодательства, опубликованного Государственным национальным природным парком «Бурабай», 13 июня на территории курортной...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Антикоррупционное воспитание молодежи усиливается в регионах

Вопрос противодействия коррупции остается одним из приоритетных направлений государственной политики. Особое значение в этой работе имеет молодежь, поскольку именно...

В Акмолинской области разработают проект развития мясного кластера

В акимате Акмолинской области прошла встреча главы региона Марата Ахметжанова с представителями университета им. Ш. Уалиханова и сельхозтоваропроизводителями по...

Должен прочитать

Золотоизвлекающую фабрику открыли в Астраханском районе

В с. Жалтыр Астраханского района открылась золотоизвлекающая фабрика на...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Вам также может понравитьсяСВЯЗАННЫЙ
Рекомендованный вам