Министр жариялаған 2025 жылғы «Профилактика жылы: полиция Заң мен тәртіпті күзетуде» іске асыру, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен, тығыз сенімгерлік қатынастар орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру мақсатында, Министрліктің тапсырмасымен өңірімізде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін қоса отырып, полицияның барлық күш пен құралдары жұмылдырылды.
Іс-шараның ұйымдастырушылық кезеңінде қылмыстың жай-күйін талдау негізінде жедел жағдайы күрделі аудандарда қосымша күштер мен құралдарды тартылды.
Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерін, арнайы мекемелерін, учаскелік полиция пунктерін және мобильді топтарды іздестірудегі, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға бейім тұлғалардың тізімдері жаңартылды.
Өткізілетін іс-шаралардың дайындығын, жұмыстын ұйымдастырылуын, толықтығы мен тиімділігін үйлестіру және бақылау үшін әрбір қалалық, аудандық органға қызметтер басшылары мен олардың орынбасарлары деңгейінде ПД-ның өкілдерін бекітілді.
Полиция (учаскелік полиция инспекторлары, патрулдік, криминалдық полиция және өзге де қызметтер, оның ішінде ПД, ПБ және БП аппараты), пробация қызметі қызметкерлерінің және «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың қатысуы туралы» Заң аясында жұртшылықтың (оның ішінде еріктілердің) құрамында әрбір әкімшілік учаскені біруақытта тексеру үшін топтар құрылды.
Жалпы барлығымен іс-шараны өткізуге 1,5 мыңнан астам полиция қызметкерлері, оның ішінде 400 учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері, криминалдық полицияның жедел уікілдері, басқа да полицияның қосымша күштері және пробация қызметкерлері жұмылдырылған.
Аталған топтармен әкімшілік учаскелерде тұратын тұрғындарын, оның ішінде қару иелері, шетел азаматары, жалға берілетін пәтерлер, саяжайлар мен шалғай учаскелер тексеріледі, оның басты мақсаты жедел қызуғушылықты тартатын есепте тұрған тұлғаларды анықтап тексеру.
Осындай жұмыстарды атқару барысында тұрғылықты мекенжайсыз 24 тұлғаға қатысты жеке басын анықтағанға дейін мәжбүрлеп ұстаудың алдын алу шаралары қолданылды.
Қадағалаусыз болған, оның ішінде
құқық бұзушылықтарды жасаған
158 жасөспірімдер ұсталды, оның ішінде
10 спирттік ішімдіктерді ішкені үшін,
3 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Тұрғылықты мекенжайлары бойынша тұрған 4,5 мың заң мен көзделген шектеулері бар есептегі тұлғалар тексерілді, оның ішінде 300 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, 169 тұлға әкімшілік қадағалауды тұрғандар, 1 мыңнан астам отбасылық-тұрмыстық қарым қатынастар саласында зорлық-зомбылық жасаған азаматтар және 602 қолайсыз ата-аналар, 800-ден астам пробация есептерінде тұрған тұлғалар тексерілді.
Өңірімізде 9,5 мың азаматтық қарулардың иелері есепте тұр. Бүгінгі күні
3 мыңы тексеріліп, оның барысында қару сақтаудың ережелерін бұзудың 59 фактісі анықталып, 53 бірлік қару тәркіленді. Осыдан басқа қаруларды уақытылы тіркемегіні немесе сақтау мерзімдерін ұзартпағаны үшін 15 азамат жауапкершілікке тартылды.
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 8 бірлік заңды түрде тіркелмеген тегіс ұңғыл қару тәркіленді.
Жалпы іс-шараның барысында
4,5 мың тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осыдан 141 адам отбасылық-тұрмыстық саласында зорлық-зомбылық жасағаны үшін, 35 ата-ана кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны, 7 факт біреудің мүлкен қасақана бұзғаны, 57 ұсақ бұзақылықтар, 15 қоғамдық орындады ластағаны, 481 факт қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны, 11-рі психотроптық заттарды медициналық емес тұтыну,
918 үй-жайларды тіркеусіз тұрғаны және тағы басқа да құқық бұзушылықтар.
Учаскелік полиция инспекторларымен заңды мен жеке тұлғалардың мекенжайларына құқық бұзушылықтарды ықпал етуге ықпал ететін жағдайларды жою үшін 181 ұсыныс енгізілді.
Жалпы осы іс-шаралар жедел жағдайды сауықтыруға мүмкіндік береді.




