Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында “жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуына бұрынғыдай айрықша мән береміз, тиісті инфрақұрылымды саламыз және қажет болса жөндеуден өткізіп, қалпына келтіреміз” – деп атап өтті.
Соңғы 3 жылда республикалық және облыстық бюджеттен 12 мәдениет нысанының құрылысына, 1 реконстроукцияға және 62 нысанның жөнделуіне 15,0 млрд.тенге бөлінді.
Ерейментау ауданында Тайбай, Олжабай ауылдарында 2 мәдениет үйі, Сандыктау ауданының Балкашино ауылында Жастардың бос уақытын ұйымдастыру орталығы, Есіл ауданы Бұзылық ауылында мәдениет үйі ашылды.
Жақын арада Бурабай ауданы Щучинск қаласында 1,5 млрд. теңге жалпы сомасына Мәдениет үйі, Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында жоба құны 800 млн.теңгеге салынған Бос уақытты ұйымдастыру орталығы ашылуы жоспарланған. 20 наурызда Қосшы қаласында елімзде алғашқы халықаралық стандарттарға сай салынған Креативті хаб ашылды.
Бұл жоба Болат Өтемұратов Қорының бастамасымен жүзеге асырылып, қала инфрақұрылымының дамуына қосылған елеулі үлес болды. Жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метрді құрайтын Креативті хаб бір уақытта 1000 адамды қабылдай алады. Құны 20 миллион доллар болатын жоба қала балансына тегін берілді.
Бурабайда Қатаркөл, Кенесары ауылдарында 2 мәдениет үйлерінің, құрылысы, Бұланды Қараөзек аулында мәдениет үйінің реконструкциясы, Жақсы ауылында Жастар орталығы, Зеренді ауылындағы Креативті хабының құрылысы жалғасуда.
Жөндеу жұмыстары Бурабайда Зеленый бор мәдениет үйінде, Ерейментауда Еркіншілік, Торғай ауылдарының мәдениет үйлерінде, Жақсыда Запорожье ауылдық клубында, Жарқайында Державинск қаласының кітапханасы, Есілде Свободное ауылының мәдениет үйі, Аршалыда Анар ауылдық клубы, Атбасарда Ақан Құрманов ауылының мәдениет үйі, Шортандыда Жолымбет ауылының мәдениет үйі, Біржан салда Үлгі ауылының мәдениет үйінде өтті.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары Қорғалжында Сабынды (857,5 млн.тг) ауылының және Бурабайда Ұрымқай (272,0 млн.тг) ауылының мәдениет үйлерінде бсталды.
Демеушілер есебінен 270,0 млн.т сомасына Атбасарда Шуйское ауылының мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті.
Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының орталық саябағының күрделі жөндеуінің жалғастыруына облыстық бюджеттен 227,3 млн.тенге. бөлінді.
Бүгінгі таңда 1000 -нан астам тұрғындар саны асқан 20 елді мекенде мәдениет үйінің құрылысы қажет. Облысымыздың 8 ауданы Ақкөл (Азат а.), Аршалы (Жалтырколь), Астрахан (Первомайка), Бурабай (Қатарколь, Кенесары, Златополье, Кызылагаш), Жаксы (Ишимка), Зеренді (Алексеевка), Целиноград (8 ауыл: Каражар, Алтынсарин, Арайлы, Кажымукан, Оразак, Кызылжар, Кызылсуат,и Тонкерис), Шортанды (Бектау, Степное) Кокшетау қ.– Станционный кенті.
Жыл басынан бері облыста ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттау, тарихи тұлғалар мен өнер қайраткерлерінің мұрасын дәріптеу мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілді.
Жеңістің 80 жылдығы аясында 600-ден астам іс-шаралар өткізілді: «Соңғы хат», «Отец солдата» “Әлия” театр премьералары, 11 тұлғалық музей қатысуымен «Мәңгілік тұлғалар» атты тұңғыш республикалық тұлғалық музейлер фестивалі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл мерейтойы аясында Қостанай Қарағанды Ақмола облысының би ұжымдарымен «Би – рух тынысы» ІІ Республикалық хореографиялық фестивалі өтті.
Ұстаз, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында 500-ден астам іс-шаралар өтті: 2 аймақтық, 2 аудандық ақындар айтысы, Халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Шахимардан Әбіловтың «Толық адам. Ойтолғау. Хәкім Абай» атты монооперасы, «Жас батыр» облыстық байқауы өтті.
Өңір кітапханаларында 70-ке жуық «Абай орталықтары» ашылып, 100-ден астам кітап көрмелері ұйымдастырылды.
10 тамыз күні кең көлімді «Абай әлемі» атты мәдени арбат ұйымдастырылды. Мәдени арбаттың айшықты аймақтары аясында облыстық фольклорлық ансамбльдер фестивалі, «Әнді сүйсең, менше сүй» жас орындаушылар байқауы және «Қазақша караоке» алаңы, «Өлең сөздің патшасы» ақындар мүшәйрасы,«Даналық бастауы – Абай» сахналық қойылымдары, «Жыл мезгілдері» жас суретшілер байқауы, «Шеберлер шаһары» – ұлттық қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, салтанатты концертте Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері мен «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жыл аясында мерекелік концертке Қзақстан Республикасы Ұлттық Ұланының ән-би ансамбльдері, Құрметті қарауыл ротасы, солистері қатысты.
Биыл көптеген халықаралық және республикалық байқалардың лауреаты, «Көкшетау» мәдениет сарайының «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Өнер жолындағы күміс белес» концерті өтіп, жыл соңына дейін «Көкшетау» Мәдениет сарайының 55 жылдығы және «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерттер өтеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында “Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек” – деп атап өтті.
Биыл алғашқы рет, Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлының қолдауымен «Орда» этно тобы және филармония солистерінің Германияның Франкфурт пен Штутгарт қалаларында жеке кештері өтіп, өнер көрсетіп, қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттады.
Мемлекет басшысы Жолдауында “Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады”, — деп атап өтті.
Облыс музейлерінде «АС-Музей» бірыңғай ақпараттық жүйесіне көшу жүзеге асырылуды, сондай-ақ, аудио – гид қосымша жұмыс істейді Облыстық музейлер қорында 170 мыңнан астам жәдігерлер бар, оның 85% цифрландырылған.
400-ден астам тарих және мәдениет ескерткіштері QR-кодтармен жабдықталған. 3D-турлар және 45 киелі нысан бойынша бірқатар шолу бейнероликтері әзірленді.
Ғылыми-зерттеу қызметі аясында облыстың тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D үлгілерін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде облыстың барлық мәдени ұйымдарында жалпы билет сатылымның, 71 пайызы немесе онлайн түрде, «Тикетон» сайты арқылы сатылған.
Мемлекеттік кітапханаларда ақпараттық жүйелер енгізілуде: Кітапхана желісінің кітап қорының өлкетану әдебиеті, жергілікті ақын, жазушыларының кітаптары цифрлық форматқа толық көшірілді. (4591 мың дана).
2025 жылдың 16 сәуірінде Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына және Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы және өлке тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Іс-шараның бағыттарына сәйкес, ғылыми-тәжірибелік конференцияда Астана, Көкшетау қалаларынан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарынан келген ғалым тарихшылардың, археологтардың зерттеуші, этнограф, шығыстанушы, тарихшы Шоқан Уәлихановтың әлемдік тарихқа қосқан зор үлесі туралы баяндамалары ұсынылды.
2025 жыл жаңалықтарға толы жыл.
Биыл Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ашылуынан бері қызмет етіп, еңбегі сіңіп келе жатқан сүйікті актеріміз Қайрат Мырзаболатов Мемлекет басшысы қолынан Астана қаласында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен мапаратталды. Шын жүректен құттықтаймыз!
Ал Ақмола облыстық орыс драма театрының актрисасы Людмила Скуратова — сахна өнеріне деген адалдығы мен ұзақ жылғы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Театр ұжымдары республикалық және халықаралық деңгейдегі фестивальдерде өнер көретуде
VІI Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалі,
- 26-шы Халықаралық «Молодежь.Театр.Фест.» фестивалі,
- IV «Құралай» республикалық қуыршақ театрлар фестивалі – бұл шаралар біздің театрларымыздың биік өнерге қосқан үлесін паш етті.
Кеше ғана Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының 50 жылдық мерейтойына арналған «BIKEN FEST» III халықаралық театр фестивалінде Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбай «Киотоға жол» қойылымындағы рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды.
23 сәуір — Ұлттық кітап күнінде киелі Көкше жерінің атақты тұлғаларымыздың шығармаларын өзгелер меншіктеп алмас үшін, «Жер шоқтығы Көкшетау» атты антологиясының тұсау кесері өтті.
Аталмыш антология Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан Шолақ сал-серілердің бай мәдени мұрасын сақтауға арналған, әр автордың 10 шығармасының шығу тарихы, нотасы, заманауи МР3 нұсқасын жазуды қамтитын жоба болып саналады.
Сондай-ақ, этнограф-тарихшы, өлкетанушы, тәржімашы-ғалым Қарта Қаңтарбаевтың жазба деректерінен алынған «Балуан Шолақ туралы әңгімелер» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Ағымдағы жылдың 7-8 сәуірінде Ақтау қаласында өткен “Түркі биінің ырғағы” атты халықаралық би фестивалінде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының “Гәкку” би ансамблі қатысып, марапатқа ие болды.
«Көкшетау» мәдениет сарайының «Полянка» үлгілі хореографиялық ансамблі Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық би байқауында бірнеше мәрте лауреат атанып, «Рост’X» жабық байқауына қатысуға шақырту алды, сондай-ақ, аталмыш би ансамблі Сочи қаласында өткен «GRAND FINAL» үздік хореографиялық ұжымдар арасында жабық гранттық байқауға қатысып, І және ІІ лауреаттары атанды.
«Көкшетау» мәдениет сарайының «Балдаурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі, «Он алты қыз», «Көкшетау», «Шалқыма», «Сувенир» халықтық би ансамбльдері «Полянка» үлгілі би ансамблі, «Кербез сұлу» фольклорлық ансамблі елімізде және шетелде ұйымдастырылған көптеген байқауларда лауреат атанып, жүлделі орындарға ие болды.
Өңірімзде биыл қатар 2 халықтық театр ашылды. Целиноград ауданы, Ақмол ауылында “Ақмол” театры және Қосшы қаласында “Қосшы” театры. Талантты да дарынды жастардың, тұрғындардың өнерге деген құлшыныстары, мәдени өмірге белсенді қатысуы қуантады. .
Биыл өңірімізде 3 дүркін Рекорд орнатылды.
Көкшетауда Наурыз мерекесінде 1600-ден астам кимешек киген арулар шеруі өтті. Бұл шара Қазақстан Рекордтар кітабына енді. Ұлттық домбыра күнінде Целиноград ауданында үш мың домбырашының бір мезетте «Балбырауын» күйін орындауымен рекордтар тізіміне енді. Бұл ерекше музыкалық флешмобқа кәсіби музыканттармен қатар, әуесқойлар – балалар, жастар, ересектер мен зейнеткерлер де қатысты. Қазақ сахнасының ән патшасы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы мен Қосшы қаласының 4 жылдығына орай ерекше шара өтті. Бұл мерейтойлық іс-шара кезінде 307 жұп вальс билеп, рекорд орнатты. Рекордты ресми түрде тіркеу және сертификатты табыстау рәсімі Азия және Африка елдері бойынша ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтың қатысуымен өтті.
2024 жылы Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы орманның ішінен Түркі дәуіріне тән (6-9ғғ.) «Тасқа бедерленген адамның бет-бейнесі» табылған болатын.
Биыл Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен тамызда кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ерте ортағасырлық түркі дәуіріне тән рәсімдік жерлеу орындары бар бірнеше қорғандар табылды.
Бұл дегеніміз нақты Түркі кезеңіне жататын діни рәсімдерді өткізуге арналған қасиетті орын деп айтуға болады. Ашық аспан астындағы музей болуға әбден лайық ескерткіш-мекен болып тұр. Ғылыми зерттеу жұмыстары келесі жылдары одан әрі жалғасын табады, табылған жаңалықтар жайлы толық ғылыми есеп жазылады.
Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыстық мәдениет мекемелерімен «ENKI» жеке шаруашылық серіктестігі, «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы және тағыда басқа кәсіпорындарының еңбек ұжымдарында концерттік бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар, аудандық мәдениет ұйымдарының шығармашылық топтары өз өңірлеріндегі кәсіпорындар ұжымдарына көшпелі концерттер ұйымдастырылды.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Екі жұлдыз» жобасы өтуде. Жоба ерекшелігі қатысушылар құрамасы кәсіби солисттер және Көкшетау қаласы ұйымдары мен кәсіпорындарының жұмысшы кәсіптері өкілдерінің қатысуымен өтуде.
Алдағы уақытта мәдениет саласының жұмысшы мамандық иелерінің қатысуымен әлеуметтік-мәдени жобалар жоспарланған.
Назарларыңызға рақмет!




