2025 жылы Қарттар күніне орай Ақмола облысында ең төмен және ең төменнен төмен зейнетақы алатын 34 226 зейнеткерге біржолғы төлем төлеу жоспарлануда.
Төлем мөлшері 2-ден 5 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, яғни 7 864 теңгеден 19 660 теңгеге дейін болады. Жалпы төлем сомасы 396 миллион теңгеден асады және аудандық/қалалық бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Анықтама үшін:
- 2025 жылы Бурабай және Целиноград аудандарында төлемдер барлық зейнеткерлерге, зейнетақы мөлшеріне қарамастан қарастырылған.
- Қазақстан Республикасында 2025 жылға арналған ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері – 62 771 теңге.
- Төлем өтінішсіз жүзеге асырылады — қажетті мәліметтер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру орталығының (МӘСО) ақпараттық жүйесінен автоматты түрде алынады.
Ақмола облысында азаматтарға әлеуметтік қолдау жергілікті мәслихаттармен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерін айқындау мен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеуге сәйкес, сондай-ақ жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.




