«Үздік психолог кабинеті» облыстық сырттай конкурсы аяқталды. 2024 жылғы 22 ақпанда сараптама комиссиясының отырысы өтіп қатысушылардың жұмыстары қаралды.
Конкурс оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда, психолог кабинетінің рөлін күшейту мақсатында өткізілді. Оған өңірдің 35 білім беру ұйымы қатысты.

Конкурс соңында үш санат бойынша жеңімпаздар анықталды.
Мектепке дейінгі білім санатында:
I орын — Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы;
II орын — Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы;
III орын – Ақкөл ауданының «Арайлым» бөбекжайы.

Жалпы орта білім беру санатында:
I орын — Біржан Сал ауданы Аңғал батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
II орын –- Жақсы ауданы Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын — Көкшетау қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебі.

ТжКОБ ұйымдары санатында:
I орын — Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі;
II орын – Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандырылған мектеп- лицей- интернаты;
III орын — Щучинск қаласы Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі.

Нақтылап айтсақ, практикалық психолог кабинеті білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек пен қолдаудың бірыңғай жүйесінің буындарының бірі болып табылады. Оның міндеті уақытылы білікті консультативтік-әдістемелік, психологиялық және психокоррекциялық көмек көрсету болып табылады.